18
август
2023
“Пәндік құзыреттілік-мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын фактор” тақырыбындағы тамыз кеңесі.
18 тамыз күні “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Республикалық Тамыз кеңесі аясында “Пәндік құзыреттілік-мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын фактор” тақырыбында өтетін пәндік секция жұмыстарының отырысы болып өтті. Аталған конференцияға Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Қала мұғалімдерінің зерттеу тәжірибелерінің панорамасы аясында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Нусупова Айзада Айгабыловна өз тәжірибесімен бөлісіп, “Сабақты зерттеуді жоспарлау матрицасы. Рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа” тақырыбында постер қорғады.





