Ана—өмір шуағы » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
март
2022

Ана—өмір шуағы

    5 наурыз күні мектебіміздің мәжіліс залында 9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Ана—өмір шуағы" атты мерекелік концерт болып өтті. Мерекелік кешті мектеп директор Гүлзира Молдабайқызы ашып, барлық нәзік жандыларды шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар, мектептің дамуына үлесін қосып, білім саласында жеткен жетістіктері үшін бірқатар ұстаздарды марапаттады. Мектебімізде биыл отбасын құрған және мерей той иелеріне кәсіподақ комитетінің сыйлығын табыстады. Кеш барысында әуезді ән мен көңілді би киелі сахнадан орын алды. Кеш соңы мектебіміздің ер мұғалімдерінің құттықтауымен жалғасты. Мерекелік концертті жоғары деңгейде ұйымдастырған 9 сынып оқушыларына және де олардың жетекшілері Сатылганова Эльмира Кабылбековна, Закирова Сания Хабдулманатовна және Қарабаева Дина Бақтыбайқызына алғысымызды білдіреміз.