Біз туралы » Страница 24 » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әкем, Анам және Мен
15
сентябрь
2021
Әкем, Анам және Мен
15 қыркүйек күні мектебіміздің спорт залында Халықаралық Отбасы күніне орай 5 сыныптар арасында "Әкем, Анам және Мен" атты спорттық эстафеталық сайыс болып өтті. Аталған сайысқа 5 "А" сыныбынан "Шаңырақ" және 5 "Б" сыныбынан "Қыран" тобы қатысып, оқушылар және олардың ата-аналары өзара бақ сынасты. Эстафеталық сайысты жоғары деңгейде ұйымдастырған мектебіміздің тәрбие бөлімі мен дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне және қатысқан сыныптардың жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз.
ЖАҚСЫЛЫҚ—ЖАННЫҢ ШУАҒЫ.
18
август
2021
ЖАҚСЫЛЫҚ—ЖАННЫҢ ШУАҒЫ.
ЖАҚСЫЛЫҚ—ЖАННЫҢ ШУАҒЫ. 2021 жылдың жаңа оқу жылынан бастап оқуға даярлау кезінде және әлеуметтік себептермен мектепке келмеу жағдайларының алдын алу бойынша аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға қолдау көрсету мақсатында "Мектепке жол" атты жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы жүргізілуде. Әрбір бүлдіршіннің мектепке барар жолы қуаныштан басталып, жарқын болашаққа қадам басуына еліміздің кез келген азаматы ат салыса алады .  #мектепкежол  #қайырымдылық
Ұстаз жетістігі
09
август
2021
Ұстаз жетістігі
Daryn.online білім беру платформасы ұстаздарға арнап ұйымдастырған Республикалық пәндік олимпиадасында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Шынгысова Айнур Куребаевна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Педагогика және оқыту әдістемесі бағыты бойынша қатысқан әріптесіміздің жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! 🥉
Оқушы жетістігі
17
июль
2021
Оқушы жетістігі
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында Таэквонда (WT) спортынан 2004-2006 жылғы және 2007-2009 жылғы туылған оқушылар арасында өткен республикалық турнирінде мектебіміздің 8 "А" сынып оқушысы Айбекқызы Аяла және 7 "Б" сынып оқушысы Айбекқызы Ақханым жүлделі І орынды иеленді. Жеңістерімен шын жүректен құттықтай келе, турнирге дайындаған бапкері Шакиров Русланға алғысымызды білдіреміз.  P.S: айта кетейік, аталған турнирде Алматы қаласының командасы жалпы есепте 125 ұпаймен І
Хабарландыру!  Баласын 1 сыныпқа беретін ата-аналардың назарына!
29
июнь
2021
Хабарландыру! Баласын 1 сыныпқа беретін ата-аналардың назарына!
📢Хабарландыру!  Баласын 1 сыныпқа беретін ата-аналардың назарына!  ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімінің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 1 тамызда аяқталатынын естеріңізге саламыз.  Толығырақ мәліметтерді +7 (727) 302 32 35 (қабылдау бөлімі) нөмірінен біле аласыздар!
Оқушы жетістігі
08
июнь
2021
Оқушы жетістігі
"Bılım örkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген "ТМД-ның үздік дарынды оқушысы-2021" атты халықаралық байқауына қатысып жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломмен мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Бекжан Айым марапатталды. Сонымен қатар аталған орталықтың арнайы төсбелгісімен және "ТМД-ның үздік дарынды оқушысы-2021" кітап жинағына мақаласы шықты. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Математика пәні бойынша өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері
02
июнь
2021
Математика пәні бойынша өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың
"Педагогика жанашыры" республикалық педагогикалық, ғылыми журналына мектебіміздің "педагог-модератор" біліктілік санатындағы математика пәнінің мұғалімі Қарабаева Дина Бақтыбайқызының "Математика пәні бойынша өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері" тақырыбындағы мақаласы жарыққа шықты. Аталған мақала жалпы білім беретін мектептерде математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру форматы туралы айтылған.
Соңғы қоңырау
25
май
2021
Соңғы қоңырау
25 мамыр— "Соңғы қоңырау" мерекесіне орай Әуезов ауданының әкімі Сайфеденов Сайран Тапенович №72 жалпы білім беретін мектептің ұстаздары мен оқушыларын және ата-аналарын мерекемен құттықтады. Сонымен қатар биылғы мектеп бітіруші түлектерге сәт-сапар тіледі.
Еліміздің үздік педагогтар эстафетасы
24
май
2021
Еліміздің үздік педагогтар эстафетасы
"Өрлеу" біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы" АҚ ұйымдастыруымен өткен "Еліміздің үздік педагогтар эстафетасына" қатысып, қашықтан оқыту жағдайында өздерінің педагогикалық іс-тәжірибелерімен бөліскен мектебіміздің "педагог-зерттеуші" біліктілік санатындағы информатика пәнінің мұғалімі Сағындық Айжан Оралбекқызы мен "педагог-модератор" біліктілік санатындағы тарих пәнінің мұғалімі Төлегенов Абылай Көпбергенұлын шын жүректен құттықтаймыз!
5-11 сыныптарға жалпы республикалық бірыңғай ата-аналар жиналысы болып өтті
22
май
2021
5-11 сыныптарға жалпы республикалық бірыңғай ата-аналар жиналысы
22 мамыр күні №72 жалпы білім беретін мектепте 5-11 сыныптарға жалпы республикалық бірыңғай ата-аналар жиналысы болып өтті. Қашықтан өткізілген жиналыста оқу жылының қорытындысы және атқарылған тәрбие жұмыстарының қорытындысы, ағымдағы хабарландырулар айтылды.
1-4 сыныптарға ата-аналарға жиналысы болып өтті
22
май
2021
1-4 сыныптарға ата-аналарға жиналысы болып өтті
22 мамыр күні №72 жалпы білім беретін мектепте 1-4 сыныптарға жалпы республикалық бірыңғай ата-аналар жиналысы болып өтті. Қашықтан өткізілген жиналыста оқу жылының қорытындысы және атқарылған тәрбие жұмыстарының қорытындысы, ағымдағы хабарландырулар айтылды.
Ұлы даланың дара ұстазы
21
май
2021
Ұлы даланың дара ұстазы
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Ыбырай  Алтынсариннің 180 жылдығына арналған "Ұлы даланың дара ұстазы" атты республикалық қашықтық олимпиадасында мектебіміздің "педагог-зерттеуші" біліктілік  санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шынарбекова Алмагул Нурасиловна І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мектепте сабақты зерттеу үдерісін енгізуді басқару: нәтиже және кедергілер
20
май
2021
Мектепте сабақты зерттеу үдерісін енгізуді басқару: нәтиже және
20 мамыр күні №72 жалпы білім беретін мектепте қашықтан zoom платформасында Алматы қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының аға тренері Бипажанова Айман Биахметқызының ұйымдастыруымен "Мектепте сабақты зерттеу үдерісін енгізуді басқару: нәтиже және кедергілер" тақырыбында диалог алаңы болып өтті. Диалог алаңына аталған орталықтың тренерлері мен жетекші және серіктес мектептердің басшылары мен пән мұғалімдері қатысты. Диалог алаңында Педагогикалық шеберлік орталығының "Мектеп көшбасшылары"
Үздік ғылыми жоба—2021
20
май
2021
Үздік ғылыми жоба—2021
Қазақстан Педагогтарының білімін дамыту және қолдау орталығының ұйымдастыруымен "Үздік ғылыми жоба—2021" Республикалық жас ғалымдар байқауында "Таза табиғи орта—адам дамуының негізі" номиинациясы бойынша мектебіміздің 8 "Б" сынып оқушысы Абдиев Данияр жүлделі І орынды иеленді. Жобаға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-сарапшы" біліктілік санатындағы биология пәнінің мұғалімі Куатова Назгул Касеновнаға алғысымызды білдіреміз.