Біз туралы » Страница 27 » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей
17
апрель
2021
Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей
Лев Толстой: "Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей".  Осы орайда мектебіміздегі эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында буккросинг жобасы өз жалғасын тапты. Ұйымдастырылған іс-шараға бірлестік ұстаздары өздерінің оқыған кітаптарын ұсынып, буккросинг сөресі жаңа кітаптармен толықты.
Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі
14
апрель
2021
Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі
Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі 1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды. 2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр. Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады: 🔻Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар); 🔻Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 🔻«Бала денсаулығы паспорты»; 🔻3х4
Ұстаз жетістігі
05
апрель
2021
Ұстаз жетістігі
ҚР Білім және ғылым министрлігі "Өрлеу" біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы" АҚ ұйымдастыруымен өткен "Еліміздің үздік педагогы" эстафетасы аясында 2020-2021 оқу жылының 3-тоқсанына арналған бейне сабақтарды әзірлеуге және белсене қатысқан мектебіміздің информатика пәні мұғалімі, жас маман Қаржау Ақгүл Бейбітқызына алғысымызды білдіреміз.  Ақгүл Бейбітқызы 4 сынып АКТ пәнінен "Презентацияларға арналған ақпарат. Жоба құру" тақырыбы бойынша бейне сабақ түсірді. Толығырақ
Үздік жас маман
02
апрель
2021
Үздік жас маман
ҚР Тұңғыш Президентi қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz олимпиада ұйымдастыру комитеті жас педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған V Республикалық "Үздік жас маман" олимпиадасының І орын жеңімпазы мектебіміздің "педагог-модератор" біліктілік санатындағы химия пәнінің мұғалімі Сейітқазы Нұрсұлтан Советбекұлын шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз.
Ұстаз жетістігі
02
апрель
2021
Ұстаз жетістігі
"Алматы ұстазы" республикалық ақпараттық-әдістемелік журналына мектебіміздің екінші санатты география пәнінің мұғалімі Сыдық Шолпан Бескемпірқызының "География пәнін оқытуда жаңа технологияларды қолданудың маңызы" тақырыбындағы мақаласы жарыққа шықты. Әріптесімізге шығармашылық табыстар тілейміз!
Оқушылардың оқу - танымдық дағдыларын қалыптастыруда жоба жұмысының маңыздылығы
01
апрель
2021
Оқушылардың оқу - танымдық дағдыларын қалыптастыруда жоба жұмысының
ҚР Білім және ғылым министрлігі, "Өрлеу" біліктілікті арттырудың Ұлттық орталығы" АҚ ұйымдастыруымен өткен Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына арналған "Тарихи білімдердің жаңартылған мазмұны: жоспарлау, жүзеге асыру, рефлексия" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясына мектебіміздің "педагог-модератор" біліктілік санатындағы тарих пәнінің мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар магистрі Төлегенов Абылай Көпбергенұлының мақаласы жарыққа шықты. Аталған мақала "Оқушылардың оқу - танымдық
Ата-аналардың және  мүдделі ұйымдар өкілдерінің назарына!
29
март
2021
Ата-аналардың және мүдделі ұйымдар өкілдерінің назарына!
Ата-аналардың және мүдделі ұйымдар өкілдерінің назарына! Алматы қаласының Білім басқармасы білім саласына қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен тікелей байланысуға болатынын хабарлайды.  Вниманию родителей и представителей заинтересованных организаций! Управление образования города Алматы сообщает, что по всем интересующим вопросам, касающимся сферы образования, можно обращаться непосредственно к руководителям районных отделов
Ұстаз жетістігі
25
март
2021
Ұстаз жетістігі
"Ustaz tilegi" ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық Математика пәнінен ұстаздар арасында өткен олимпиадада мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі, жас маман Кадирбеков Батыр Берикович жүлделі І орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтай келе, бұданда биік белестерді бағындырсын демекпіз.
Оқушы жетістігі
24
март
2021
Оқушы жетістігі
Ұлыстың ұлы күні —Наурыз  мейрамына орай Ықылас атындағы халық аспаптар музейінде ұйымдастырылған "Топжарған" зияткерлік сайысында мектебіміздің 9 "А"  сынып оқушысы Реметова Шынар "Бас жүлдені" және Реметова Шырын жүлделі І орынды иеленді. Жеңістерімен шын жүректен құттықтай келе, сайысқа дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-модератор" біліктілік санатындағы тарих пәнінің мұғалімі Төлегенов Абылай Көпбергенұлына алғысымызды білдіреміз.
Ұстаз бен оқушы жетістігі
23
март
2021
Ұстаз бен оқушы жетістігі
"ІНЖУ-МАРЖАН" атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы ұлттық дәстүрлі өнер байқауында "Көркем сөз" номинациясы бойынша І орын жүлдегері, мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Закирова Дананы шын жүректен құттықтаймыз. Байқауға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханова Акрысгул Сейлхановнаға алғысымызды білдіреміз.
Оқушы жетістігі
18
март
2021
Оқушы жетістігі
Алматы қаласы Білім басқармасы Оқушылар сарайының @dvorec_almaty  ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық "Ақ мамам" атты ән байқауында мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Бостан Нұрболат жүлделі І орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, бұданда биік белестерді бағындырсын демекпіз.
Ұстаз бен оқушы жетістігі
17
март
2021
Ұстаз бен оқушы жетістігі
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының @almatydaryny ұйымдастыруымен өткен "Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар" атты Мұқағали Мақатаев оқуларының І орын жеңімпазы мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Закирова Дананы шын жүректен құттықтаймыз. Байқауға дайындаған ұстазы, мектебіміздің жоғары санатты қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханова Акрысгул Сейлхановнаға алғысымызды білдіреміз.
Кітап оқу—рухани кемелденудің көзі
16
март
2021
Кітап оқу—рухани кемелденудің көзі
"Кітап оқу—рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт—секунд сайын жаңарған ақпарат заманы".  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.  Мемлекет басшысы "Қандай кітап оқып жатырсыз?" челлендж-эстефетасын бастап, оны барша Отандастарға, әсіресе жастарға жолдайтынын жеткізген болатын. Осы орайда мектебімізде мектеп кітапханашысы Нуркешова Фарида Махмутовнаның ұйымдастыруымен кітап көрмесі болып өтті. Онда Президент ұсынған кітаптар қойылды.
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
12
март
2021
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
Мектебіміздің кәсіподақ комитетінің төрайымы Балмухамбетова Гулмира Кабулбековнаны "Ұстаз" Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Аталған марапатты "Ұстаз" жергілікті кәсіптік одағының Алматы қаласы бойынша төрағасы Байгуттинов Серікжан Кадыралыұлы салтанатты түрде табыстады.