Біз туралы » Страница 28 » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлттың ұлағатты ұясы
06
март
2021
Ұлттың ұлағатты ұясы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 70 жылдығына орай "Ұлттың ұлағатты ұясы" атты энциклопедия жарыққа шықты. Энциклопедияда аталған университеттің 1990 жылғы түлегі, мектебіміздің директоры Сариева Гүлзира Молдабайқызының өмірбаяны  мен білім саласындағы жеткен жетістіктері шықты. Энциклопедияны ҚазҰлтҚызПУ Тарих және құқық негіздері факультетінің профессоры Ақмарал Дабыртаевна табыстады.  
СЫҢҒЫРЛА ҚОҢЫРАУ
04
март
2021
СЫҢҒЫРЛА ҚОҢЫРАУ
Бүгін онлайн оқудан штаттық режимге көшіп, алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушыларынын 11 сынып оқушылары құрметпен қарсы алды.
📢ХАБАРЛАНДЫРУ!
03
март
2021
📢ХАБАРЛАНДЫРУ!
📢ХАБАРЛАНДЫРУ! Баласын 1 сыныпқа беретін ата-аналардың назарына! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 24 маусым 2020 жылғы №264 бұйрығындағы өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес Бастауыш, негізі орта, жалпы орта білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы білім беру мекемелеріне қабылдаудың Үлгілік ережелеріне сәйкес бірінші сыныпқа қабылданушы балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамыз аралығында жүзеге асатынын естеріңізге саламыз.  Толығырақ
Алғыс айту күні
01
март
2021
Алғыс айту күні
Шұғылалы көктемнің алғашқы күні—Алғыс айту күніне орай мектебіміздің 9 "А" сынып оқушылары (сынып жетекшісі Балмухамбетова Гулмира Кабулбековна) мектептегі ұстаздар қауымына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өз алғыстарын білдірді. #1наурызалғысайтукүні #72мектеп @edu.almaty @akimat_auezov @auezovpoo_ @72_mektep  
ҰСТАЗ БЕН ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ
01
март
2021
ҰСТАЗ БЕН ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ
"Білім шыңы" қоғамдық ұйымы мен Президенттік "Жасұлан" Жастар ұйымының ұйымдастыруымен өткен " ALTYN URAQ" зияткерлік олимпиадасына қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленген мектебіміздің 5 "А" сынып оқушылары Нұржау Ақмерей мен Нұрымжанқызы Әминаны шын жүректен құттықтаймыз. Зияткерлік олимпиадаға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Әлдібек Толқын Жұмашқызына алғысымызды білдіреміз.
Директорлық сенбі—ата-ана үні
01
март
2021
Директорлық сенбі—ата-ана үні
27 ақпан күні zoom платформасында қашықтан "Директорлық сенбі—ата-ана үні" атты ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 5-7 сынып ата-аналары қатысып, көкейде жүрген сауалдарына жауаптарын алды. Жиналыста мектеп психологы Жолдасова Жадыра Муратовна психологиялық тұрғыдан кеңес берді. Жиналысты мектеп директоры Сариева Гүлзира Молдаб айқызы қорытындылап, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Ашық сұрақ алаңы
28
февраль
2021
Ашық сұрақ алаңы
27 ақпан күні мәжіліс залында мектеп координаторы, директортың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Иманова Гулжан Мухаметказиновна мен мектеп тренері, бастауыш сынып мұғалімі Шынгысова Айнур Куребаевнаның ұйымдастыруымен "Ашық сұрақ алаңы" болып өтті. Аталған әдістемелік семинарға мектебіміздің нысаналы 3 "Б" және 8 "Б" сынып пән мұғалімдері қатысты. Зерттеу сабақтарында жеткен жетістіктер мен кеткен кедергілер талқыланып, кері байланыстар берілді. Семинар соңы кофе-брейкпен
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
22
февраль
2021
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
ҚР Тәуелсіздігің 30 жылдығы қарсаңында қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, марапатқа ие болған мектебіміздің ұстаздарын, атап айтсақ, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Закирова Сания Хабдулманатовна, орыс тілі пәнінің мұғалімі Балмухамбетова Гулмира Кабулбековна, информатика пәнінің мұғалімі Сағындық Айжан Оралбекқызын, тарих пәнінің мұғалімі Төлегенов Абылай Көпбергенұлын шын жүректен құттықтаймыз. Аталған марапаттарды мектеп директоры Гүлзира Молдабайқызы салтанатты түрде табыстады.
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
22
февраль
2021
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектебіміздің директоры Сариева Гүлзира Молдабайқызын Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН" марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Аталған марапатты аудан әкімі С. Т. Сайфеденов салтанатты түрде табыстады.
Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні
22
февраль
2021
Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні
Алматы қаласы Әуезов ауданы №72 жалпы білім беретін мектепте Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай іс-шаралар өтілуде.         1 наурыз күні әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні атап өтіледі. Бұл мереке әлемдегі сан алуан елдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға барлық күшті біріктіру, халықты Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар (АҚ пен ТЖ) қызметтерін тосын
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет.
22
февраль
2021
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет.
                               Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет.       Алматы қаласы Әуезов ауданы №72 жалпы білім беретін мектепте «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің мұғалімі Енсебаев Бақытжан Ксенович кезекші сыныптағы бастауыш сынып оқушыларына  «Сен және төтенше жағдай» тақырыбында дәріс оқып, оқушыларға фильмдер көрсетті.      Мақсаты: Табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру. Төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғаларында