Біз туралы » Страница 30 » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
19
декабрь
2020
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
"Ustaz tilegi" Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған "Желтоқсан" айындағы Блиц-турнирде мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Нусупова Айзада Айгабыловна І дәрежелі дипломмен, химия пәнінің мұғалімі Сейітқазы Нұрсұлтан Советбекұлы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Озат тәжірибелі ұстаз бен жас ұстазымыздың жетістіктері құтты болсын!
Нашақорлықтың алдын алу
18
декабрь
2020
Нашақорлықтың алдын алу
10 желтоқсан күні №72 жалпы білім беретін мектепте 9-10 сынып оқушыларына "Нашақорлықтың алдын алу" тақырында қашықтан дәріс өткізілді. Дәрісті қалалық наркологиялық орталықтың нарколог-дәрігері Анна Александровна жүргізді. Оқушылар маманға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
18
декабрь
2020
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
Daryn.Online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олипиада сайты бірлесіп ұстаздарға арнап ұйымдастырған Республикалық пәндік олимпиадасында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Игэлэк Қарақат ІІ дәрежелі дипломмен, физика пәнінің мұғалімі Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік—елімнің еркін жолы
17
декабрь
2020
Тәуелсіздік—елімнің еркін жолы
15 желтоқсан күні 1-11 сыныптар арасында  Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік—елімнің еркін жолы" атты тәрбие сағаттары болып өтті. Тәрбие сағаттары қашықтық форматта, Zoom платформасында өтілді.
"Nur Otan" партиясының алғыс хаты
07
декабрь
2020
"Nur Otan" партиясының алғыс хаты
1 желтоқсан —Тұңғыш Президент күніне орай мектебіміздің "Болашақ 72" бастауыш партия ұйымы "Nur Otan" партиясының Алматы қаласы филиалы төрағасы, қала әкімі Б. Ә. Сағынтаевтың "Алғыс хатымен" марапатталды. Алғыс хатты "Nur Otan" партиясының  Әуезов аудандық филиалы төрағасы, аудан әкім С. Т. Сайфеденов мереке қарсаңында үздік бастауыш партия ұйымдарын марапаттау салтанатында табыстады. "Болашақ 72" бастауыш партия ұйымы төрағасы Төлегенов Абылай Көпбергенұлы және мектебіміздің бастауыш партия
Кім мықты?
03
декабрь
2020
Кім мықты?
Бүгін мектебіміздің 7 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары "Хабар" телеарнасындағы білім мен біліктілікті сынау мақсатында ұйымдастырылған "Кім мықты?" бағдарламасына қатысып қайтты. Аталған бағдарламаның 5 кезеңі де қызықты өтті. Бағдарламаға қатысқан оқушылар мен ата-аналарына және де мектебіміздің пән мұғалімдеріне алғысымызды білдіреміз.  Құрметті оқырман! Хабар арнасы түсірген "Кім мықты? " бағдарламасын алдағы уақыттa көгілдір экраннан көре аласыздар.
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
30
ноябрь
2020
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
23 қараша күні Шалқар радиосының тікелей эфирiнде зиялы қауым өкілдері қатысатын "Шалқар шаңырағында" бағдарламасына ҚР Мәдениет қайраткері, дизайнер, Халықаралық "Азия дауысы" және Республикалық "Жас қанат" байқауларының хореографы, "Айналайын" би ансамблінің көркемдік жетекшісі және №72 жалпы білім беретін мектептің "Хореография" үйірмесінің жектекшісі Кулбараков Нұржігіт Файзинұлы қатысып, сұхбат берді. Әріптесімізге шығармашылық табыстар тілейміз! Сұхбат жайлы толығырақ
"Bookcrossing" жобасы
20
ноябрь
2020
"Bookcrossing" жобасы
20 қараша күні қазақ тілі және әдебиеті пән әдістемелік бірлестігінің ұстаздары мектебіміздің "Bookcrossing" жобасына өз үлестерін қосты. Өздері оқыған кітаптарымен бөлісіп, Буккросинг сөресі жаңа кітаптармен толықты. Алдында айтып өткеніміздей аталған жоба мектеп директоры Гулзира Молдабайқызының бастамасымен және мектеп кітапханашысы Фарида Махмутовнаның ұйымдастыруымен өткен болатын.
Қолжазбалар—ғасырлар мұрасы
19
ноябрь
2020
Қолжазбалар—ғасырлар мұрасы
18 қараша күні мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Игілік Қарақат 9 "А" сыныбымен "Қолжазбалар—ғасырлар мұрасы" атты Ғылым ордасындағы сирек кездесетін кітаптар музейіне виртуалды саяхат жасады. Zoom платформасында өткізілген іс-шараға мектеп мұғалімдері және оқушылар қатысты. Аталған виртуалды саяхатта пән мұғалімі ортағасырлық қолжазбаларды, адамзат өркениетіне өшпес із қалдырған ортағасырлық ғұламалардың діни, тарихи, әдеби шығармаларымен таныстырды. Мұражайда сақталған
Абай әлемі және рухани мұрасы
18
ноябрь
2020
Абай әлемі және рухани мұрасы
ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz онлайн олимпиада сайты жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған І Республикалық "Абай әлемі және рухани мұрасы" қашықтық олимпиадасының І орын иегері, мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Әлқожа Әлиманы (жетекшісі Игэлэк Қарақат) шын жүректен құттықтаймыз! 🥇🏆
Қандай кітап оқып жатырсыз?
06
ноябрь
2020
Қандай кітап оқып жатырсыз?
"Кітап оқу—рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт—секунд сайын жаңарған ақпарат заманы".  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.  Мемлекет басшысы "Қандай кітап оқып жатырсыз?" челлендж-эстефетасын бастап, оны барша Отандастарға, әсіресе жастарға жолдайтынын жеткізген болатын. Осы орайда мектебімізде мектеп кітапханашысы Нуркешова Фарида Махмутовнаның ұйымдастыруымен кітап көрмесі болып өтті. Онда Президент ұсынған кітаптар қойылды.  Құрметті оқырман! Сіздің де челлендж-эстафетаға
Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет!
05
ноябрь
2020
Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет!
"Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының "Мектеп көшбасшылары" курсының тыңдаушысы, мектеп директоры Сариева Гүлзира Молдабайқызының бастамасымен және мектеп кітапханашысы Нуркешова Фарида Махмутовнаның ұйымдастыруымен мектебімізде буккросинг (bookcrossing) жобасы басталды. Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық
Lesson Study әдісі арқылы мектептің білім сапасын көтере аламыз ба?
04
ноябрь
2020
Lesson Study әдісі арқылы мектептің білім сапасын көтере аламыз ба?
20 қараша күні мектебіміздің мәжіліс залында мектеп тренері, "педагог-зерттеуші" біліктілік санатындағы бастауыш сынып мұғалімі Шынгысова Айнур Куребаевнаның ұйымдастыруымен "Lesson Study әдісі арқылы мектептің білім сапасын көтере аламыз ба?" тақырыбында коучинг болып өтті. Коучинг сыйымдылығы 15 мұғалімнен аспайтын, арақашықтықты және барлық санитарлық жағдайларды сақтай отырып ұйымдастырылды. Коучингте жағдаяттық сұрақтар қойылып, ұстаздар өз ойларымен бөлісті. Коучинг барысында ұстаздар
Аймағамбетов Асхат Қанатұлының АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды
04
ноябрь
2020
Аймағамбетов Асхат Қанатұлының АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды
Мектебіміздің "педагог-зерттеуші" біліктілік санатындағы информатика пәнінің мұғалімі Сағындық Айжан Оралбекқызы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды. Алғыс хатты мектеп директоры Гүлзира Молдабайқызы салтанатты түрде табыстады. Аяулы ұстазымыздың марапаты құтты болып, биік шыңдардан көрініп, шығармашылық табыстар тілейміз.