халықаралық ғылыми-практикалық конференция » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » халықаралық ғылыми-практикалық конференция
21
февраль
2024

халықаралық ғылыми-практикалық конференция

024 жылдың 20-21 ақпан күндері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары Білім Министрлігі, Қазақстан Республикасының Оқу-Ағарту Министрлігі, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Педагогика Кафедрасы, Алматы қаласы Білім Басқармасының ұйымдастыруымен №72 жалпы білім беретін мектепте «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындаудағы заманауи трендтер мен инновациялық тәжірибелер» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты: Білім беру жүйесіндегі жаңашылдық, ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтарды дәріптеу бойынша педагогтер арасында тәжірибе алмасу.
Конференцияның негізгі бағыттары мен мәселелері:
1-бөлім. Оқу мен оқытудағы заманауи трендтер
2-бөлім. Сабақты зерттеу: тәжірибе, кәсіби даму, рефлексия
3-бөлім. Теңдік: Мектептердегі инклюзивті білім
4-бөлім. Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны жүзеге асыру жолдары

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Саудабаева Гульмира Сауытжановна қорытындылап, мектеп ұжымына Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағын табыстады. Жинаққа Прага қаласындағы Халықаралық технологиялық білім беру орталығының директоры, «Sklad» онлайн білім беру
платформасының жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Сороковик Т. И, Мукими атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Салиева Д.А және Алматы қаласы, Астана қаласы, Шымкент қаласы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы, Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Жетісу облысынан қатысқан педагогтердің баяндамалары енгізілді.


https://www.instagram.com/reel/C3nYCTYIfav/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​