Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
30
ноябрь
2020
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
23 қараша күні Шалқар радиосының тікелей эфирiнде зиялы қауым өкілдері қатысатын "Шалқар шаңырағында" бағдарламасына ҚР Мәдениет қайраткері, дизайнер, Халықаралық "Азия дауысы" және Республикалық "Жас қанат" байқауларының хореографы, "Айналайын" би ансамблінің көркемдік жетекшісі және №72 жалпы білім беретін мектептің "Хореография" үйірмесінің жектекшісі Кулбараков Нұржігіт Файзинұлы қатысып, сұхбат берді. Әріптесімізге шығармашылық табыстар тілейміз! Сұхбат жайлы толығырақ
Абай әлемі және рухани мұрасы
18
ноябрь
2020
Абай әлемі және рухани мұрасы
ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz онлайн олимпиада сайты жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған І Республикалық "Абай әлемі және рухани мұрасы" қашықтық олимпиадасының І орын иегері, мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Әлқожа Әлиманы (жетекшісі Игэлэк Қарақат) шын жүректен құттықтаймыз! 🥇🏆
Аймағамбетов Асхат Қанатұлының АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды
04
ноябрь
2020
Аймағамбетов Асхат Қанатұлының АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды
Мектебіміздің "педагог-зерттеуші" біліктілік санатындағы информатика пәнінің мұғалімі Сағындық Айжан Оралбекқызы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды. Алғыс хатты мектеп директоры Гүлзира Молдабайқызы салтанатты түрде табыстады. Аяулы ұстазымыздың марапаты құтты болып, биік шыңдардан көрініп, шығармашылық табыстар тілейміз.
Елбасы алғысын алған қыз
29
октябрь
2020
Елбасы алғысын алған қыз
Мектебімізде 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналған мәдени және ғылыми-танымдық апталығын онлайн жүргізу іс-шараларының жоспары бойынша 28 қараша күні  Елбасының алғысын алған, мектебіміздің 4 "Б" сынып оқушысы Есжан Фатимамен тікелей сұхбат болып өтті. Сұхбатты "Бала арманы" бағдарламасы негізінде мектебіміздің озат оқушысы Зайтов Ілияс Ержанұлы жүргізді. Есжан Фатима — Теннистен  Республикалық  турнирдің ІІІ орын жеңімпазы және фортепианодан өткен конкурстың І орын жеңімпазы. Ол — ҚР
Абай оқулары
29
октябрь
2020
Абай оқулары
  "Абай оқулары" порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық "Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы" атты байқауға қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленген мектебіміздің 11 "А" сынып оқушысы Келіс Асияны және аталған байқауға дайындаған жетекшісі, жоғары санатты қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханова Акрысгул Сейлхановнаны шын жүректен құттықтаймыз. Жеңістеріңіз құтты болсын! 🥈 P.S: аталған байқау Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған.
"Кім мықты?" бағдарламасы
29
октябрь
2020
"Кім мықты?" бағдарламасы
Бүгін мектебіміздің 7 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары "Хабар" телеарнасындағы білім мен біліктілікті сынау мақсатында ұйымдастырылған "Кім мықты?" бағдарламасына қатысып қайтты. Аталған бағдарламаның 5 кезеңі де қызықты өтті. Бағдарламаға қатысқан оқушылар мен ата-аналарына және де мектебіміздің пән мұғалімдеріне алғысымызды білдіреміз.  Құрметті оқырман! Хабар арнасы түсірген "Кім мықты? " бағдарламасын алдағы уақыттa көгілдір экраннан көре аласыздар. 
Сынға шыдаған жастар шыңға шығады
27
октябрь
2020
Сынға шыдаған жастар шыңға шығады
   "ЕGEMEN QAZAQSTAN" жалпы ұлттық басылымның 27 қазан 2020 жылы №205 санының 10 бетінде журналист Рауан Қайдардың "Сынға шыдаған жастар шыңға шығады" мақаласы жарыққа шықты. Мақала Алматы қаласы Білім басқармасы жанынан құрылған "Жас ұстаздар" қауымдастығының атқарған жұмыс барысы жайлы жазылған. Аталған қауымдастықтың мүшесі және Әуезов ауданы бойынша қауымдастықтың жетекшісі, мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі — Төлегенов Абылай Көпбергенұлы болып табылады.  P. S: Құрметті жас ұстаз!
ІІІ Республикалық "Үздік педагог" олимпиадасы
26
октябрь
2020
ІІІ Республикалық "Үздік педагог" олимпиадасы
    ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері сайтында педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық "Үздік педагог" олимпиадасында қорытынды кезең нәтижесі бойынша мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Игэлэк Қарақат жүлделі ІІ орынды, педагог-психолог Жолдасова Жадыра жүлделі ІІ орынды және физика пәнінің мұғалімі Күзенбаев Жасұлан  жүлделі ІІІ орынды иеленді. Аталған ұстаздар "Үздік педагог" олимпиадасының іріктеу кезеңінен өтіп, ақтық
ҰСТАЗ БЕН ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ
23
октябрь
2020
ҰСТАЗ БЕН ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ
"Мұрагер" интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған Республикалық қашықтықтан өткен "Абай - дана, Абай - дара қазақта" байқауына қатысып, жүлделі І орын алған мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Закирова Дананы және мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханова Акрысгул Сейлхановнаны шын жүректен құттықтаймыз!
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
22
октябрь
2020
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
Білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі белсенді еңбегі мен шығармашылық жетістігі үшін мектебіміздің "педагог-модератор" біліктілік санатындағы тарих пәнінің мұғалімі Төлегенов Абылай Көпбергенұлы "Өрлеу" Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы АҚ Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды. Аяулы ұстазымызға шығармашылық табыстар тілейміз.
ЕҢ БІЛІМДІ ПЕДАГОГ -2020
20
октябрь
2020
ЕҢ БІЛІМДІ ПЕДАГОГ -2020
  "Білім шыңы- Ғылым сыры" журналының ұйымдастыруымен өткен жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін дамыту, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген "Ең білімді педагог-2020"  IV Республикалық пән олимпиадасына қатысып, жүлделі І орынды иеленген мектебіміздің "педагог -зерттеуші" біліктілік санатындағы бастауыш сынып мұғалімі Шынгысова Айнур Куребаевнаны @ainur.kurebaevna шын жүректен құттықтаймыз! Аяулы ұстазымызға
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
02
октябрь
2020
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Несипакынова Фарида Канатовна @nesipakynova eлімізде енгізілген карантинге байланысты оқушыларды қашықтан оқытуды ұйымдастыруда оқу пәнінен тірек конспектілерді әзірлеуге белсене атсалысқаны және шығармашылық табыстары үшін Алматы қаласы Білім басқармасының @edu.almaty АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды. Аяулы ұстазымызға шығармашылық табыс, еңбегіне жеміс тілейміз.
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
26
сентябрь
2020
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
Мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлының "Физикадан ҰБТ тапсырмалары мен тесттер жинағы" атты оқу-әдістемелік құралы жарыққа шықты. Аталған оқу-әдістемелік құрал ЖОО-на түсуші талапкерлер мен білім беру ұйымдарының физика пәні мұғалімдеріне арналған. Мұнда физика пәнінен қиындығы жоғары есептердің шығару жолдары, өз бетінше орындауға арналған жаттығу есептері, жаңа форматтағы тест нұсқалары (жауаптарымен) берілген. Авторлық ұжымға шығармашылық табыстар тілейміз.
"АБАЙ - ДАНА, АБАЙ - ДАРА ҚАЗАҚТА"
26
май
2020
"АБАЙ - ДАНА, АБАЙ - ДАРА ҚАЗАҚТА"
"Мұрагер" балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Халықаралық "АБАЙ - ДАНА, АБАЙ - ДАРА ҚАЗАҚТА" атты балалар мен жасөспірімдер байқауында көркем сөз жанры бойынша мектебіміздің 4 "А" сынып оқушысы Бекжан Айым ІІ орынды иеленді. Айымға алар асуы биік болып, бұданда үлкен белестерді бағындыра берсін демекпіз. #Абай175 
"Ерлігі мәңгі ұмытылмайды"
25
май
2020
"Ерлігі мәңгі ұмытылмайды"
"Педагогика жанашыры" республикалық ғылыми - педагогикалық журналының ұйымдастыруымен және "Қазақстан педагогтарының білімін дамыту және қолдау орталығының" қолдауымен "Ұлы Жеңiске - 75 жыл" тақырыбында өткізілген Республикалық жас таланттар байқауында "Ерлігі мәңгі ұмытылмайды" номинациясы бойынша эссе жазу сайысында 7 "Ә" сынып оқушысы Рахметулла Аружан жүлделі І орынды иеленді. Аружанға шығармашылық табыстар тілей отырып, бұданда биік белестерді бағындыра берсін демекпіз. Сайысқа дайындаған