Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Оқушы жетістігі
18
март
2021
Оқушы жетістігі
Алматы қаласы Білім басқармасы Оқушылар сарайының @dvorec_almaty  ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық "Ақ мамам" атты ән байқауында мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Бостан Нұрболат жүлделі І орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, бұданда биік белестерді бағындырсын демекпіз.
Ұстаз бен оқушы жетістігі
17
март
2021
Ұстаз бен оқушы жетістігі
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының @almatydaryny ұйымдастыруымен өткен "Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар" атты Мұқағали Мақатаев оқуларының І орын жеңімпазы мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Закирова Дананы шын жүректен құттықтаймыз. Байқауға дайындаған ұстазы, мектебіміздің жоғары санатты қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханова Акрысгул Сейлхановнаға алғысымызды білдіреміз.
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
12
март
2021
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
Мектебіміздің кәсіподақ комитетінің төрайымы Балмухамбетова Гулмира Кабулбековнаны "Ұстаз" Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Аталған марапатты "Ұстаз" жергілікті кәсіптік одағының Алматы қаласы бойынша төрағасы Байгуттинов Серікжан Кадыралыұлы салтанатты түрде табыстады.
Ұлттың ұлағатты ұясы
06
март
2021
Ұлттың ұлағатты ұясы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 70 жылдығына орай "Ұлттың ұлағатты ұясы" атты энциклопедия жарыққа шықты. Энциклопедияда аталған университеттің 1990 жылғы түлегі, мектебіміздің директоры Сариева Гүлзира Молдабайқызының өмірбаяны  мен білім саласындағы жеткен жетістіктері шықты. Энциклопедияны ҚазҰлтҚызПУ Тарих және құқық негіздері факультетінің профессоры Ақмарал Дабыртаевна табыстады.  
ҰСТАЗ БЕН ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ
01
март
2021
ҰСТАЗ БЕН ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ
"Білім шыңы" қоғамдық ұйымы мен Президенттік "Жасұлан" Жастар ұйымының ұйымдастыруымен өткен " ALTYN URAQ" зияткерлік олимпиадасына қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленген мектебіміздің 5 "А" сынып оқушылары Нұржау Ақмерей мен Нұрымжанқызы Әминаны шын жүректен құттықтаймыз. Зияткерлік олимпиадаға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Әлдібек Толқын Жұмашқызына алғысымызды білдіреміз.
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
22
февраль
2021
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
ҚР Тәуелсіздігің 30 жылдығы қарсаңында қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, марапатқа ие болған мектебіміздің ұстаздарын, атап айтсақ, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Закирова Сания Хабдулманатовна, орыс тілі пәнінің мұғалімі Балмухамбетова Гулмира Кабулбековна, информатика пәнінің мұғалімі Сағындық Айжан Оралбекқызын, тарих пәнінің мұғалімі Төлегенов Абылай Көпбергенұлын шын жүректен құттықтаймыз. Аталған марапаттарды мектеп директоры Гүлзира Молдабайқызы салтанатты түрде табыстады.
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
22
февраль
2021
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектебіміздің директоры Сариева Гүлзира Молдабайқызын Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН" марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Аталған марапатты аудан әкімі С. Т. Сайфеденов салтанатты түрде табыстады.
Алматы ұстазы
16
январь
2021
Алматы ұстазы
"Алматы ұстазы" республикалық ақпараттық-танымдық журналының №4 (57) санында  мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар магистрі Төлегенов Абылай Көпбергенұлының "Қашықтан білім беруде "Өрлеудің" мұғалімдерге әдістемелік көмегі" тақырыбындағы мақаласы және мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Игэлэг Қарақаттың "Оқушылардың оқырмандық қабілетін дамытуда қазақ әдебиеті сабағында эпикалық шығармаларды оқытудың маңызы" атты мақаласы жарыққа шықты. Сонымен қатар
Жас ұстаз жетістігі
12
январь
2021
Жас ұстаз жетістігі
11 қаңтар күні сағат 20:00-де  Республикалық "Qazbilim" орталығында @qazbilim QAZBILIM TV арнасының тікелей эфирінде мектебіміздің география пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Қадырханова Жансая Жәнібекқызының география пәнінен "Африка" тақырыбындағы сабағы болып өтті. Аталған сабақ орта білім беру ұйымдарының география пәні мұғалімдері мен ҰБТ-да география пәнін таңдаған оқушыларға арналған. Жас ұстазымызға шығармашылық табыстар тілейміз.
"Фариза, Фаризажан, Фариза қыз" атты Республикалық жасөспірімдер байқауы
09
январь
2021
"Фариза, Фаризажан, Фариза қыз" атты Республикалық жасөспірімдер
"Фариза, Фаризажан, Фариза қыз" атты Республикалық Фариза Оңғарсыновaның өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден балалар мен жасөспірімдер байқауында "Көркем сөз" номинациясы бойынша мектебіміздің 6 "А" сынып оқушысы Мамырбекова Амина жүлделі І орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, сайысқа дайындаған жетекшісі, мектебіміздің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханова Акрысгул Сейлхановнаға алғысымызды білдіреміз.  P. S:  аталған байқауды
Ең үздік сурет
21
декабрь
2020
Ең үздік сурет
"Педагог" Республикалық озат педагогтар порталының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен ІІ Халықаралық "Менің Отаным— Тәуелсіз Қазақстаным" атты шығармашылық байқауына "Ең үздік сурет" номинациясы бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсетіп, І орын иеленген мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Ұзақ Әділді шын жүректен құттықтаймыз. Байқауға дайындаған ұстазы, мектебіміздің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Сулейменова Динара Нуржакыповнаға алғысымызды білдіреміз.
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
19
декабрь
2020
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
"Ustaz tilegi" Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған "Желтоқсан" айындағы Блиц-турнирде мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Нусупова Айзада Айгабыловна І дәрежелі дипломмен, химия пәнінің мұғалімі Сейітқазы Нұрсұлтан Советбекұлы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Озат тәжірибелі ұстаз бен жас ұстазымыздың жетістіктері құтты болсын!
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
18
декабрь
2020
ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ
Daryn.Online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олипиада сайты бірлесіп ұстаздарға арнап ұйымдастырған Республикалық пәндік олимпиадасында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Игэлэк Қарақат ІІ дәрежелі дипломмен, физика пәнінің мұғалімі Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
"Nur Otan" партиясының алғыс хаты
07
декабрь
2020
"Nur Otan" партиясының алғыс хаты
1 желтоқсан —Тұңғыш Президент күніне орай мектебіміздің "Болашақ 72" бастауыш партия ұйымы "Nur Otan" партиясының Алматы қаласы филиалы төрағасы, қала әкімі Б. Ә. Сағынтаевтың "Алғыс хатымен" марапатталды. Алғыс хатты "Nur Otan" партиясының  Әуезов аудандық филиалы төрағасы, аудан әкім С. Т. Сайфеденов мереке қарсаңында үздік бастауыш партия ұйымдарын марапаттау салтанатында табыстады. "Болашақ 72" бастауыш партия ұйымы төрағасы Төлегенов Абылай Көпбергенұлы және мектебіміздің бастауыш партия
Кім мықты?
03
декабрь
2020
Кім мықты?
Бүгін мектебіміздің 7 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары "Хабар" телеарнасындағы білім мен біліктілікті сынау мақсатында ұйымдастырылған "Кім мықты?" бағдарламасына қатысып қайтты. Аталған бағдарламаның 5 кезеңі де қызықты өтті. Бағдарламаға қатысқан оқушылар мен ата-аналарына және де мектебіміздің пән мұғалімдеріне алғысымызды білдіреміз.  Құрметті оқырман! Хабар арнасы түсірген "Кім мықты? " бағдарламасын алдағы уақыттa көгілдір экраннан көре аласыздар.