13
сентябрь
2025
“Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
12 қыркүйек күні мәжіліс залында “Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
Мақсаты: “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту.
Жиынды мектеп директоры Журынова Гаухар Абаевна ашып, мектептің мақсат-міндеттерімен таныстырып, келген ата-аналарға өз ризашылығын білдірді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Куатова Назгуль Касеновна “Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп” тақырыбында баяндама оқып, мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырды. Мектебіміздің кәсіптік бағыт-бағдар беруші педагогы Бекжанова Дана “Мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі” тақырыбында баяндама оқыса, педагог-психолог Жолдасова Жадыра Мұратқызы “Психологиялық қолдау - табысты оқу мен тәрбиенің кепілі” тақырыбы бойынша ата-аналарға кеңес беріп, психологиялық тренинг ұйымдастырды. Жалпы ата-аналар жиналысында мектеп оқушылары өнер көрсетіп, мектеп формасының дефилесі көрсетілді. Жиын соңында ата-аналардың көкейде жүрген сауалдарына жауаптар берілді.
https://www.instagram.com/reel/DOioQHvCKHt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==