Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алматы қаласының білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар
09
сентябрь
2025
Алматы қаласының білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар
Алматы қаласы Білім басқармасының бастамасымен және Қазақстандағы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 8 қыркүйекте Алатау аудандық Инновациялық шығармашылық орталығының базасында кәсіби бағдар жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша кездесу өтті. Кездесудің спикері ретінде Ы. Алтынсарин атындағы ҰАО-ның тәуелсіз кеңесшісі, екі мәрте «Болашақ» бағдарламасының түлегі Серікбай Дәулет Омарұлы сөз сөйледі. Жиында Алматы қаласының білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар жұмыстарының жоспарын
Президенттің Жолдауы
09
сентябрь
2025
Президенттің Жолдауы
Менің тағдырым – елімнің тағдыры. Президенттің Жолдауы – әрқайсымызға артылған үлкен жауапкершілік. Қаншалықты қиын болса да, біз міндетті түрде табысқа жетуіміз керек. Өйткені, бұл – еліміздің болашағы, халқымыздың тағдыры. 🤝 Әрқайсымыздың еңбегі, адалдығы, жауапкершілігі – қуатты Қазақстанды жарқын етуге қосылған үлес. Еліміз қуатты, іргеміз берік, болашағымыз жарқын болсын! Ақорда ҚР Оқу-ағарту министрлігі/ Министерство просвещения РК Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
тәрбие процесіне дене шынықтыруға арналған қысқа жаттығу
09
сентябрь
2025
тәрбие процесіне дене шынықтыруға арналған қысқа жаттығу
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 3-05-4/5704-И-хат тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап оқу-тәрбие процесіне дене шынықтыруға арналған қысқа жаттығу енгізілді. Осыған байланысты 2025 жылғы 9 қыркүйектен бастап аптасына бір рет (әр сейсенбі сайын) сабақ басталар алдында 3 минуттық дене шынықтыру жаттығуы музыканың сүймелдеуімен өтті. https://www.instagram.com/reel/DOXh5YgCORH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы
09
сентябрь
2025
«Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында сынып сағаттарында “20 минут кітап оқы” акциясы ұйымдастырылды. Акцияға 4 “А” сынып оқушылары қатысты. Кітап оқуға сүйіспеншілікпен қарап, алдағы уақыттарда да оқып жүруге ынталары қалыптасты. Көркем әдебиеттерге деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқырмандарды машықтандыру, тәрбиелеу, кітаптарға қызықтыра білуге үйрету, ұлттық тәрбиеге баулу. Сынып жетекшісі: Алтыхай Жайнагүл
Жолда және көшедегі қауіпсіздік ережелерін сақтау” тақырыбында сынып сағаттары
09
сентябрь
2025
Жолда және көшедегі қауіпсіздік ережелерін сақтау” тақырыбында сынып
8 қыркүйек күні 1-11 сыныптарда “Жолда және көшедегі қауіпсіздік ережелерін сақтау” тақырыбында сынып сағаттары болып өтті.