Қалалық таланттар Саммиті
Сәуір айының 9-10 күндері 10 «Б» сынып оқушысы Макен Аиша Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен өткен Қалалық таланттар Саммитіне қатысып, арнайы сертификатпен марапатталды. Саммиттің мақсаты - оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға, жобалық және зерттеу дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ педагогтердін кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған тұрақты қалалық экожүйе құру.