Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №72 жалпы білім беретін мектепте сейсмикалық жаттығулар өтті.
12
февраль
2026

№72 жалпы білім беретін мектепте сейсмикалық жаттығулар өтті.

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімімен бекітілген 2026 жылға арналған сейсмикалық жаттығу, нысанды жаттығу өткізу кестесіне сәйкес 30 қаңтарда №72 жалпы білім беретін мектепте оқушыларды, қызметкерлерді және жұмысшыларды ғимараттан көшіру бойынша практикалық іс-шаралар пысықталып, сейсмикалық жаттығу өткізілді. 
  Оқушылар арасында оқу-жаттығу өткізілетіні туралы және оны өткізу барысында қандай іс-әрекеттер жасайтыны жөнінде толық көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әр сыныпта алдын ала «Жер сілкінісі қаупі орын алған жағдайдағы әрекеттер» тақырыбында интерактивті сабақтар өткізілді.