Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Балалардың күлкісі—көркі, сәні әлемнің
24
февраль
2022
Балалардың күлкісі—көркі, сәні әлемнің
24 ақпан күні мектебіміздің мәжіліс залында "Балалардың күлкісі—көркі, сәні әлемнің" атты бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі онкүндігінің қорытынды концерті болып өтті. Кеш "Жеті лақ" ертегісі бойынша сахналық қойылым мен оқушылардың музыкалық ән шашуы мен тамылжыған биімен жалғасты. Аталған концертті жоғары деңгейде өткізген бастауыш сынып мұғалімдеріне алғысымызды білдіреміз. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Атақты тұлғалар. Етістік туралы білетінімді еске түсіремін
24
февраль
2022
Атақты тұлғалар. Етістік туралы білетінімді еске түсіремін
17 ақпан күні "Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған" атты бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Нусупова Айзада Айғабылқызының 3 "А" сыныбымен қазақ тілі пәнінен "Атақты тұлғалар. Етістік туралы білетінімді еске түсіремін" тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті. Сабақ басында "Ой қозғау" арқылы оқушыларға атақты тұлғалардың суреттерін табу арқылы олар жайлы мәліметтер берді. Сабақ үдерісінде оқушылар топтық
Мен сені түсінуге тырысамын
23
февраль
2022
Мен сені түсінуге тырысамын
23 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі Жумабаева Гулбану Пернебаевна, мектеп логопеді Тұрсұмұрат Әлия Нұрланқызы, мектеп дефектологы Насимолда Толғанай, мектеп психологы Жолдасова Жадыра Мұратқызының ұйымдастыруымен "Мен сені түсінуге тырысамын" атты түзету сыныптарының оқушылары мен ата-аналарына тренинг-практикум болып өтті. Тренинг практикумде "Өрнек" жаттығуы, фигуралардан бейне құрастыру, алақанмен сурет салу сияқты
"Уақыттың адам өміріндегі маңызы" тақырыбындағы ашық сабақ болып өтті
23
февраль
2022
"Уақыттың адам өміріндегі маңызы" тақырыбындағы ашық сабақ болып өтті
22 ақпан күні "Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған" атты бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі Буранбаева Айнур Жанабаевнаның 1 "Б" сыныбымен жаратылыстану пәнінен "Уақыттың адам өміріндегі маңызы" тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті. Сабақ үдерісінде оқушылар "Сағат", "Секунд", "Минут" болып, 3 топқа бөлінді. Жаңа сабаққа қатысты топтық жұмыстарды орындады. Сергіту сәтін жасап, сабақ соңында кері байланыстар берілді. Жаңартылған
"Жырлайды жүрек" атты Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған жыр мүшайрасы
23
февраль
2022
"Жырлайды жүрек" атты Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған
Әуезов ауданының орта білім беру ұйымдары педагогтері арасында "Жырлайды жүрек" атты Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған жыр мүшайрасына қатысып, "Жырлайды жүрек... " номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленген мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хуан Жадыраны шын жүректен құттықтаймыз. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
"Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу" тақырыбындағы ашық сабақ болып өтті
22
февраль
2022
"Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу"
22 ақпан күні "Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған" атты бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі, педагог-модератор Алтыхай Жайнагүлдің 3 "В" сыныбымен математика пәнінен "Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу" тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті. Сабақта оқушылар үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға бөліп, есептер шығарды.Сергіту сәтін жасап, сабақ соңында кері байланыстар берілді. Аталған ашық сабақ
"Серпімділік күші дегеніміз не?" тақырыбындағы зерттеу сабағы болып өтті
22
февраль
2022
"Серпімділік күші дегеніміз не?" тақырыбындағы зерттеу сабағы болып
21 ақпан күні Lesson Study- Сабақты зерттеу бойынша нысанадағы 3 "А" сыныбына жаратылыстану пәнінен бастауыш сынып мұғалімі Майлыбаева Айсара Мейрамбайқызының "Серпімділік күші дегеніміз не?" тақырыбындағы зерттеу сабағы болып өтті. Сабақ үдерісінде оқушылар тақырыпқа қатысты зертханалық жұмыстар жасады. "Топтық жұмыс арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыра аламыз ба?" зерттеу сұрағының аясында оқушылар топтық жұмыстарға арналған тапсырмаларды орындады. Бірлесе жоспарланған зерттеу сабағы
Мектеп логопедінің жұмысы
21
февраль
2022
Мектеп логопедінің жұмысы
Мектеп логопеді Тұрсұмұрат Әлия Нұрланқызының жұмыс жоспарына сәйкес түзету сыныптарымен және инклюзивті сынып оқушыларымен жасалатын түзету жұмыстарындағы сәттерді назарларыңызға ұсынамыз. Сабақ жоспарына сәйкес тыныс алу жаттығулары, артикуляциялық жаттығулар және оқушының ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған жұмыстар жасалынды. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Директорлық сенбі—ата-ана үні
20
февраль
2022
Директорлық сенбі—ата-ана үні
19 ақпан күні мектебімізде қашықтан zoom платформасында "Директорлық сенбі—ата-ана үні" атты ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысты мектеп директоры Гүлзира Молдабайқызы ашып, ата-аналар тарапынан туындаған сауалдарға жауап берді. Ата-аналар жиналысына қатысқан 1-11 сыныптың ата-аналары мектеп әкімшілігіне өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты. Ата-аналардың басым көпшілігі мектепте домбыра, шахмат, тоғызқұмалақ үйірмелері ашылса деген пікірлерін ортаға салды. Мектеп ұстаздарына алғыстарын
«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
19
февраль
2022
«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА! 3-4 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі Алматы қаласының мектептерінде санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, офлайн форматта өткізіледі.   Олимпиаданың басталуы: 3 сынып -  21.02.2022 ж    сағ 10.00-11.00 (Нұр-Сұлтан уақытымен); 4 сынып -  21.02.2022 ж    сағ 12.00-13.00 (Нұр-Сұлтан уақытымен).   Бұл уақыттан кешіккен оқушылардың жұмыстары ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ. Барлық мектептерде олимпиада бір
"Тәуелді зат есімдердің септелуі" тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті
18
февраль
2022
"Тәуелді зат есімдердің септелуі" тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті
18 ақпан күні "Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған" атты бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы Майлыбаева Айсара Мейрамбаевнаның 4 "А" сыныбымен қазақ тілі пәнінен "Тәуелді зат есімдердің септелуі" тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті. Сабақ үдерісінде оқушылар зат есімнің септелуіне қатысты жаттығу жұмыстарын орындады. Сабақта топтық жұмыс, дәптермен жұмыс орын алып, сабақ соңында оқушылар тарапынан кері
2 мен 5 сандарына көбейту және бөлу кестесін бекіту" тақырыбындағы ашық сабақ
18
февраль
2022
2 мен 5 сандарына көбейту және бөлу кестесін бекіту" тақырыбындағы
18 ақпан күні "Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған" атты бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі Ауелбекова Айгул Яхияевнаның 2 "Б" сыныбымен математика пәнінен "2 мен 5 сандарына көбейту және бөлу кестесін бекіту" тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті. Сабақ үдерісінде оқушылар топта есептер шығарып, жаңа сабаққа қатысты тапсырмаларды орындады. Жаңартылған білім мазмұнына сай жоспарланған ашық сабақ өз мақсатына жетті. @edu.almaty
Айтыс—сөз мәйегі
18
февраль
2022
Айтыс—сөз мәйегі
18 ақпан күні №72 жалпы білім беретін мектептің базасында ұлт ұстазы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай орта білім беру ұйымдары педагогтері арасында "Айтыс—сөз мәйегі" атты ауданық айтыс болып өтті. Айтысқа аудандық білім бөлімінің әдіскері Байшемирова Гулзира Бейсенгалиевна және қазылық еткен №104 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байгалиева Багдат Мукатаевна, Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті
Бастауышым бастамам—білім жолын бастаған
17
февраль
2022
Бастауышым бастамам—білім жолын бастаған
Ақпан айының 14-25 күндері аралағында "Бастауышым бастамам—білім жолын бастаған" атты бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің онкүндігінде "2022 жылы—Балалар жылы" аясында "Адамның бір қызығы бала деген" тақырыптағы видеокөрсетілімді назарларыңызға ұсынамыз. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_ 
Күн мен түн неліктен алмасады?
16
февраль
2022
Күн мен түн неліктен алмасады?
16 ақпан күні "Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған" атты бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі, педагог-модератор Мағурпбай Арайлым Ниязқызының 3 "Б" сыныбымен жаратылыстану пәнінен "Күн мен түн неліктен алмасады?" тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті. Сабақ үдерісінде оқушылар топтық жұмыстар мен тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Жаңартылған білім мазмұнына сай жоспарланған сабақ өз мақсатына жетті. @edu.almaty @almaty_mektepteri