Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Суда өзін-өзі ұстау мәдениетін жетілдіру
13
май
2022
Суда өзін-өзі ұстау мәдениетін жетілдіру
12 мамыр күні мектебімізде 4 сыныптар арасында "Суда өзін-өзі ұстау мәдениетін жетілдіру" тақырыбында сурет салу байқауы өтілді. @edu.almaty @auezovpoo_  
«Балафест» фестивалі
13
май
2022
«Балафест» фестивалі
Балалар жылы аясында «Балафест» фестивалінің мектепішілік кезеңінде мектебімізде 7-8 сыныптар арасында баскетболдан спорттық жарыс өткізілді. #балафест #балаларжылы2022 @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Оқушылар Ғабит Мүсіреповтің музей-үйіне экскурсия жасады
13
май
2022
Оқушылар Ғабит Мүсіреповтің музей-үйіне экскурсия жасады
13 мамыр күні тарих пәнінің мұғалімі Несипакынова Фарида Канатовна 8 "А" сынып оқушыларымен Ғабит Мүсіреповтің музей-үйіне экскурсия жасады. Экскурсия барысында Ғабит Мүсіреповтің қолданған заттары және жазған еңбектерімен танысып қайтты. Музей басында жазушының өз үйі болған. Ол өмірден өткен соң, жәдігерлері сақталып, музей болып құрылды. Оқушылар жазушының музей-үйіндегі қонақ бөлмесі, жұмыс бөлмелерін аралап, бір бөлмесіндегі киностудияны көрді. Онда Ғабит Мүсіреповтің бірнеше фильмдердің
"Бала Fest" фестивалі
12
май
2022
"Бала Fest" фестивалі
"Балалар жылы" аясында "Бала Fest" фестивалінің мектепішілік кезеңінде "Бояулар құпиясы" атты 8-9 сыныптар арасында сурет салу байқауы болып өтті. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_ 
Қауіпсіз су
12
май
2022
Қауіпсіз су
11, 12 мамыр күні №72 жалпы білім беретін мектепте «Қауіпсіз су» қауіпсіздік акциясының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қауіпсіз су» тақырыбында оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 9-11-сыныптарда шығармалар байқауы, эсе жазу байқауы. 2-3-сыныптарда мәнерлеп оқу байқаулары ұйымдастырылды. 5-8-сыныптарда «Қауіпсіз су» тақырыбында қабырға газеттері байқауы өтіп, мектепте 6-7-сынып оқушыларының салған суреттерімен «Қауіпсіз су» бұрышы жасалды. @almaty_tjd @edu.almaty @almaty_mektepteri  
Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай мектеп кітапханасында кітап көрмесі болып өтті.
09
май
2022
Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай мектеп кітапханасында кітап көрмесі
Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай мектеп кітапханасында кітап көрмесі болып өтті. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Мектеп қабырғасында өзін-өзі тану пәнін оқыту қаншалықты қажет?
05
май
2022
Мектеп қабырғасында өзін-өзі тану пәнін оқыту қаншалықты қажет?
5 мамыр күні мектептің мәжіліс залында 7 "А" және 8 "А" сыныптары арасында дебат болып өтті. Тақырыбы: "Мектеп қабырғасында өзін-өзі тану пәнін оқыту қаншалықты қажет? ". Аталған тақырып бойынша 7 "А" сыныбының "Парасат" тобы және 8 "А" сыныбының " Amanat" топтары қатысып, өзара пікір-сайыс өткізді. Дебатты ұйымдастырған мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хуан Жадыра. #дебат @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Жігіт сұлтаны—2022
05
май
2022
Жігіт сұлтаны—2022
4 мамыр күні мектебімізде "Жігіт сұлтаны—2022" байқауы болып өтті. Байқауға 7-8 және 9-10 сыныптың ұлдары қатысып, сайыстың кезеңдері бойынша бақтарын сынады. Жігіттер ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс соңында әділ қазы алқалары бағасын беріп, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. #жігіт_сұлтаны @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_ 
Тәрбие сағаттары
03
май
2022
Тәрбие сағаттары
3 мамыр күні 1-11 сыныптарда 1 мамыр— Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр — Жеңіс күні мерекелеріне қарсы ашық тәрбие сағаттары болып өтті. @edu.almaty @auezovpoo_  
Бүгінгі жас маман—болашақ білікті ұстаз
29
апрель
2022
Бүгінгі жас маман—болашақ білікті ұстаз
29 сәуір күні мектебіміздің мәжіліс залында "Бүгінгі жас маман—болашақ білікті ұстаз" атты жас мамандар байқауы болып өтті. Байқауға биылғы жылы мектебіміздің табалдырығын аттап, алғаш еңбек жолын бастаған жас ұстаздар қатысты. Сайыстың әр кезеңдері бойынша бақ сынаған жас мамандар жүлделі орындарға ие болып, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
"Айбын" әскери-спорттық жарысы
27
апрель
2022
"Айбын" әскери-спорттық жарысы
     Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 77 жылдығы, ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай аудандық "Айбын" әскери-спорттық жарысында мектебіміздің командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңістерімен шын жүректен құттықтай келе, жарысқа дайындаған жетекшісі, АӘ және ТД пәнінің мұғалімі Енсебаев Бакытжан Ксеновичке алғысымызды білдіреміз.
Прокурорлар есірткі қылмысы үшін жауапкершілік туралы ескерте отырып, ата-аналарды сақ болуға шақырады
26
апрель
2022
Прокурорлар есірткі қылмысы үшін жауапкершілік туралы ескерте отырып,
Прокурорлар есірткі қылмысы үшін жауапкершілік туралы ескерте отырып, ата-аналарды сақ болуға шақырады Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы Алматыда кең таралған қылмыстардың бірі болып қала береді. Зиянкестер есірткіні жарнамалау және насихаттау үшін заманауи технологияларды қолдана бастады, оларды байланыссыз, бетбелгілер, әлеуметтік желілер, телеграм арналары арқылы, соның ішінде шетелден де сата бастады. Осылайша, олар біздің халқымыздың денсаулығы мен моральға қарсы
23 сәуір - Халықаралық кітап және авторлық құқық күні
23
апрель
2022
23 сәуір - Халықаралық кітап және авторлық құқық күні
   23 сәуір - Халықаралық кітап және авторлық құқық күні. Осы мереке арқылы ЮНЕСКО ұйымы бүкіл әлемді кітап оқуға, адамзаттың әлеуметтік және мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосқан авторлардың еңбегін құрметтеуге үндейді. Бүгінгі атаулы күнді пайдалана отырып бүкіл адам баласының алтын қазынасы кітапты сақтап, қоғамға насихаттап отырған, еңбегі өлшеусіз барша кітапханашылар және мұғалім әріптестерді шын жүректен құттықтаймыз!
Көктем аруы-2022
22
апрель
2022
Көктем аруы-2022
22 сәуір күні мектебімізде "Көктем аруы-2022" байқауы болып өтті. 8-10 сыныптар арасында өткізілген бұл байқауда аталған сыныптардың қыздары қатысып, сайыстың әр кезеңдері бойынша бақтарын сынады. Әділ қазы алқалары әділ бағасын беріп, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. #қыз_сыны @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_
Мектеп кітапханасының бір күні
22
апрель
2022
Мектеп кітапханасының бір күні
КІТАПХАНА ТЫНЫСЫ. Құрметті инстаоқырмандар! Сіздердің назарларыңызға мектеп кітапханасының бір күнін ұсынамыз. Бүгін "Балалар жылы" аясында мектебіміздің 7 "А" сынып оқушылары мектеп кітапханасына келіп, ондағы кітап көрмесімен, жаңа түскен әдебиеттермен және мектеп мұғалімдерінің еңбектерімен танысты.