Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Алма" жазғы сауықтыру лагері
02
июнь
2022
"Алма" жазғы сауықтыру лагері
1 маусым күні мектеп жанынан құрылған "Алма" жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы болып өтті. Мереке қарсаңында балалар ән айтып, би билеп, түрлі спорттық ойындар ойнады, суреттер салды. #🍎 #72мектеп #жазғылагерь @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_
"Foodbattle" аспаздық марафоны
01
июнь
2022
"Foodbattle" аспаздық марафоны
1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде "Foodbattle" аспаздық марафоны болып өтті. Аталған марафонға мектебіміздің 5 "А" және 5 "Б" сынып оқушылары қатысты. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Мемлекеттік емтихан болып өтті
27
май
2022
Мемлекеттік емтихан болып өтті
27 мамыр күні 11 сыныптарда орта мектеп курсы бойынша "Алгебра және анализ бастамалары" пәнінен Мемлекеттік емтихан болып өтті. Емтихан алдында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Досанбаева Кундыз Нурланбековна нұсқаулықтармен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_ 
"Елбасы медалі" жобасы
25
май
2022
"Елбасы медалі" жобасы
"Елбасы медалі" жобасы жасы 14 пен 29 аралығындағы өр мақсатты Қазақстан жастарына арналған. Қатысушылар «Алтын», «Күміс», «Қола» деңгейлерінің бірін таңдап, қарым-қабілеттерін жеті бағыт бойынша жетілдіреді: спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі. Әр кезеңді өткен сайын қатысушы мықтылығын, дарынын жетілдіреді, оның өз күшіне деген сенімі артады. Ал жобаның финалына шыққандар алдағы жеңістерінің бастауы болатын - «Елбасы Медалімен»
Жазғы мектеп
24
май
2022
Жазғы мектеп
Жазғы мектеп орта білім беру ұйымының базасында 2022 жылдың 26 мамыр мен 17 маусым аралығында барлық білім алушылар үшін жұмыс істейді. Ол оқушылар мен ата-аналардың өз еріктерімен жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда мектебімізде 1 сыныптар бойынша — 10 оқушы; 2 сыныптар бойынша — 8 оқушы; 3 сыныптар бойынша — 12 оқушы; 4 сыныптар бойынша —12 оқушы; 5 сыныптар бойынша — 16 оқушы өтініш берді. Жазғы мектептегі сабақтардың жүргізілу процесі мен ұйымдастырылуы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
"Тарих ата" қашықтық олимпиадасы
23
май
2022
"Тарих ата" қашықтық олимпиадасы
ҚР Білім және ғылым министрлігі "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен 5-9 сынып оқушылары арасында республикалық "Тарих ата" қашықтық олимпиадасында жүлделі орын алған мектебіміздің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Олимпиадаға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Несипакынова Фарида Канатовнаға алғысымызды білдіреміз. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
"Тарих ата" қашықтық олимпиадасы
23
май
2022
"Тарих ата" қашықтық олимпиадасы
ҚР Білім және ғылым министрлігі "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен 5-9 сынып оқушылары арасында республикалық "Тарих ата" қашықтық олимпиадасында жүлделі орын алған мектебіміздің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Олимпиадаға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Әлдібек Толқын Жұмашқызына алғысымызды білдіреміз. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Алматы —жасыл қала
20
май
2022
Алматы —жасыл қала
Балалар жылы аясында "Алматы —жасыл қала" атты эко-конкурстың аудандық кезеңінде мектебімізден 6 "Б" сынып оқушысы Ержанқызы Нұрай және 8 "Б" сынып оқушысы Қанибек Аяулым қатысты. Ауданымыздың орта білім беру ұйымдары арасында өткен эко-байқауда Қанибек Аяулымның мектеп ауласының ландшафты дизайны тақырыбындағы жобасы үздік деп танылып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Байқауға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі Куатова Назгул Касеновнаға алғысымызды білдіреміз.
Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение
19
май
2022
Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение
Мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Кенже Арман "Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение" атты дарынды балалардың энциклопедиялық жинағына шықты. Арман— ғылыми жобалар мен конкурстарда жүлделі орын иеленіп жүрген озат оқушы. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_
Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение
18
май
2022
Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение
Мектебіміздің 5 "Б" сынып оқушысы Зәлел Әмір "Ұлағатты ұрпақ—Достойное поколение" атты дарынды балалардың энциклопедиялық жинағына шықты. Әмір— таеквондадан республикалық турнирлердің жеңімпазы және ағылшын тілі, математика пәндерінен өткен олимпиадалар мен конкурстарда жүлделі орын иеленіп жүрген озат оқушы. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
«Балафест» фестивалі
17
май
2022
«Балафест» фестивалі
Балалар жылы аясында «Балафест» фестивалінің мектепішілік кезеңінде мектебімізде 7-8 сыныптар арасында баскетболдан спорттық жарыс өткізілді. #балафест #балаларжылы2022 @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Сәбит Мұқановтың музей-үйіне экскурсия
17
май
2022
Сәбит Мұқановтың музей-үйіне экскурсия
17 мамыр күні тарих пәнінің мұғалімі Несипакынова Фарида Канатовна 8 "А" сыныбымен классик жазушы Сәбит Мұқановтың музей-үйіне экскурсия жасады. Экскурсия барысында оқушылар жазушының қолданған заттары, еңбектері мен кітаптарымен танысып шықты. 1973 жылға дейін өзінің тұрған үйі, тәуелсіздік жылдарынан соң музей болып құрылған. Жазушының еңбектері әлемнің 27 тілінде аударылып, қалың оқырманға жол тартқан. Ол дүние-мүлікті емес, байлығы ретінде кітаптар жинаған. Осындай құнды жәдігерлермен
Жазғы кезеңде балалардың судағы қауіпсіздігі
16
май
2022
Жазғы кезеңде балалардың судағы қауіпсіздігі
16 мамыр күні №72 жалпы білім беретін мектепте Zoom платформасында "Жазғы кезеңде балалардың судағы қауіпсіздігі" тақырыбында мектеп директоры Гүлзира Молдабайқызының қатысуымен ата-аналармен түсіндірме жұмыстары болып өтті. Сонымен қатар судағы қауіпсіздік шараларын сақтау туралы видеокөрсетілімдер ата-аналардың ортақ чаттарына жіберіліп, берілген ақпараттармен танысты.  @almaty_tjd  @edu.almaty  @almaty_mektepteri  @auezovpoo_ 
«БАЛАФЕСТ» фестивальі
16
май
2022
«БАЛАФЕСТ» фестивальі
Балалар жылы қарсаңында мектебімізде 5-6 сыныптар арасында «БАЛАФЕСТ» фестивальі аясында қолөнер байқауы өткізілді. #балаларжылы2022 #балафест @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Ару мерген
16
май
2022
Ару мерген
Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдық және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдық мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған қалалық әскери-спорттық жарыста "Жас мерген—юный стрелок" номинациясы бойынша 9 "Б" сынып оқушысы Әділбек Әділ жүлделі ІІІ орынды, "Мерген атқыш—меткий стрелок" номинациясы бойынша 9 "Б" сынып оқушысы Көшік Тубай жүлделі ІІ орынды, "Ару мерген"