Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Негіздер. Негіздердің алынуы мен қасиеттері
12
апрель
2022
Негіздер. Негіздердің алынуы мен қасиеттері
   12 сәуір күні ғылыми-жаратылыстану пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында 8 "А" сыныбында химия пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Сейітқазы Нұрсұлтан Советбекұлының "Негіздер. Негіздердің алынуы мен қасиеттері" тақырыбындағы ашық сабағы болып өтті. Сабақ үдерісінде wordwall қосымшасы мен online mektep платформасындағы тапсырмаларды орындап, тәжірибелік жұмыстар жүргізді. Сабақ мақсатына жетті.
Бүгін елімізде оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг  жүргізу басталды
12
апрель
2022
Бүгін елімізде оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу
✏️ Бүгін еліміздің 1447 мектебінде (барлық мектептің 25%-ы) оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталды (ББЖМ). Оған 4 және 9-сынып оқушыларының арасынан 112 мыңнан астам бала қатысады. Ол сәуірдің 29-на дейін жалғасады. Қатысатын мектептер кездейсоқ таңдау әдістемесімен анықталды. ▪️Бұл білім сапасын ішкі қазақстандық зерттеу. Мониторинг жүргізу заңға былтырғы жылы енгізіліп, биыл мектептерде алғаш рет өткізіледі. ▪️Мониторинг мектеп базасында өтеді, оқушылардың математикалық,
Монеталар құны. Азық-түлік сатып аламын
11
апрель
2022
Монеталар құны. Азық-түлік сатып аламын
    15 сәуір күні "Жас мамандар" онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі Буранбаева Айнур Жанабаевнаның 1 "Б" сыныбымен "Монеталар құны. Азық-түлік сатып аламын" тақырыбында ашық сабағы болып өтті. Сабақ үдерісінде оқытудың жаңа технологиялары қолданылып, сабақ өз мақсатына жетті.
Екі жұлдыз
08
апрель
2022
Екі жұлдыз
     17 наурыз күні мектебімізде музыка пәнінің мұғалімі Хасен Назеркенің ұйымдастыруымен "Екі жұлдыз" байқауы болып өтті. Аталған байқауда мұғалім мен оқушы жұп болып, киелі сахнада өнер көрсетті. Байқау соңында әділ қазы алқалары әділ бағасын беріп, жеңімпаздарды марапаттады. 🎤🎼🎹🎷🎧📯🎸
Сел қаупі туындаған жағдайда
07
апрель
2022
Сел қаупі туындаған жағдайда
№72 жалпы білім беретін мектептің азаматтық қорғаныс штаб бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 15 сәуір күні сел қаупі туындаған жағдайға арналған көшіру сызбалары мен жоспарларына сәйкес, оқушыларды, қызметкерлерді және жұмысшыларды ғимараттан көшіру бойынша практикалық іс-шаралар пысықталып, сел жаттығуы өткізілді. №72 жалпы білім беретін мектептің басшы құрамымен, мұғалімдермен және оқушылармен жалпы сел жаттығуына даярлықтың күнтізбелік жоспары, жалпы сел жаттығуына даярлық пен өткізу
Оқушы жетістігі
06
апрель
2022
Оқушы жетістігі
     Тараз қаласында өткен Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатында мектебіміздің 8 "Б" сынып оқушысы Айбекқызы Ақханым І орынды 🥇иеленді. Айта кетейік, жүлдегер атанғандар ҚР ұлттық құрамасының қатарына еніп, әрі қарай шілдеде Болгария астанасында өтетін Әлем чемпионаты мен тамызда Моңғолия астанасында өтетін Азия чемпионатында бақ сынауға мүмкіндік алады. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Шомылу маусымындағы бала қауіпсіздігі
05
апрель
2022
Шомылу маусымындағы бала қауіпсіздігі
Мектебімізде 5-11 сынып оқушылары арасында "Шомылу маусымындағы бала қауіпсіздігі" тақырыбында сурет көрмесі болып өтті. Аталған көрмеге оқушылар өздерінің қыл қаламдарынан туындаған суреттерін ұсынды. 
Мектепте информатика пәнін оқытуда цифрлық мүмкіндіктерді қолданудағы өзекті мәселелер
04
апрель
2022
Мектепте информатика пәнін оқытуда цифрлық мүмкіндіктерді қолданудағы
  Алматы қаласы білім басқармасына қарасты қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен "Мектепте информатика пәнін оқытуда цифрлық мүмкіндіктерді қолданудағы өзекті мәселелер" атты информатика пәні мұғалімдерінің халықаралық онлайн форумына қатысып, өз тәжірибесімен бөліскен мектебіміздің информатика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Сағындық Айжан Оралбекқызына алғысымызды білдіреміз.
Мұғалім жетістігі
01
апрель
2022
Мұғалім жетістігі
"Қазіргі білім мектепте, колледжде, ЖОО-да" республикалық ғылыми-әдістемелік журналына мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Казатаева Шолпан Ырымтаевнаның "Past Simple Tense" тақырыбындағы сабақ жоспары жарияланып, журнал сыртындағы мұқабасына суреті шықты. Әріптесімізге шығармашылық табыстар тілейміз.
Жасөспірімдердің тәрбие дағдыларын қалыптастыру
30
март
2022
Жасөспірімдердің тәрбие дағдыларын қалыптастыру
30 наурыз күні мәжіліс залында "Жасөспірімдердің тәрбие дағдыларын қалыптастыру" тақырыбында мектепішілік семинар болып өтті. Семинарда мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Едилова Алтынай Тулеевна "Тәрбие жұмысын жоспарлау әдістемесі" тақырыбында, мектебіміздің әлеуметтік педагогы Куатова Назгул Касеновна "Бала тәрбиесіне баса назар аудару және отбасындағы қолайсыздықтардың туындауы" тақырыбында және мектебіміздің педагог-психологы Жолдасова Жадыра Мұратқызы "Жасөспірімдердің
Ұстаз жетістігі
24
март
2022
Ұстаз жетістігі
Әуезов ауданының жас педагогтары арасында өткен "Өз жұлдызыңды жақ" атты аудандық сайыста мектебіміздің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Қазбек Ардақ Сәкенқызы жүлделі ІІ орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_ @auezustaz  
Оқушалар жетістігі
23
март
2022
Оқушалар жетістігі
"Steps to the stars" продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен "Talented kids" республикалық конкурс-фестивалінде би номинациясы бойынша мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Мамырбекова Амина және 8 "А" сынып оқушысы Мамырбекова Айман "Бас жүлдені" иеленді. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Мұғалім жетістігі
21
март
2022
Мұғалім жетістігі
Оқушыларды әскери тіркеуден өткізу барысында жоғары ұйымшылдық пен жауапкершілік танытқаны үшін мектебіміздің АӘТД пәнінің мұғалімі Енсебаев Бахытжан Ксеновичті Алматы қаласы Әуезов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_ @gulzira_moldabaykizi @bakhytzhan_e_k  
Оқуға құштар мектеп
18
март
2022
Оқуға құштар мектеп
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп дәлізіне буккросинг аймағы ұйымдастырылды. Мұнда мектеп мұғалімдері мен оқушылар өздері оқыған кітаптарын ұсынады және кітап сөресінен қалаған кітаптарын оқуға алады. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Сыныптан тыс үйірме жұмыстарының жүргізілуі
17
март
2022
Сыныптан тыс үйірме жұмыстарының жүргізілуі
Назарларыңызға мектебімізде сыныптан тыс үйірме жұмыстарының жүргізілуі барысын ұсынамыз. Суретте би үйірмесіне қатысушы оқушылар мен үйірме жетекшісі, Қазақстанға танымал хареограф Кулбараков Нұржігіт Файзинұлы. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_