16
апрель
2026
«Анам айтқан...» тақырыбында 1”А”, 1”Б”,1”В” сыныптарында, семинар-тренинг ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Мектебімізде «Анам айтқан...» тақырыбында 1”А”, 1”Б”,1”В” сыныптарында, семинар-тренинг ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Іс-шараны АПҚО мүшелері мен сынып жетекшілер бірлесе өткізіп, тәрбиелік мәні жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында ұлттық және отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, ананың бала тәрбиесіндегі рөлін дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттау болды. Сонымен қатар, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту көзделді.Шебер сынып барысында қатысушылар «Анам айтқан» тақырыбы аясында аналардың өмірлік тәжірибесі, тәрбиелік мәні бар нақыл сөздері мен ақыл-кеңестері туралы ой бөлісті және ата-аналар арасында арт терапия өтті. Семинар-тренинг бөлімінде түрлі психологиялық жаттығулар, топтық және жұптық жұмыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар берілген тапсырмалар арқылы өзара пікір алмасып, бір-біріне қолдау көрсетіп, белсенділік танытты. Сонымен қатар, жағдаяттық тапсырмалар арқылы отбасы тәрбиесі, ата-анамен қарым-қатынас, сыйластық мәселелері кеңінен талқыланды.
Жалпы іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
https://www.instagram.com/reel/DXJo2zPCJgP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жалпы іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
https://www.instagram.com/reel/DXJo2zPCJgP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==