22
апрель
2026
«Жақсылық қақпақтары» атты экологиялық және қайырымдылық акциясы


21 сәуір 2026 жылы мектебімізде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ игі әрі әлеуметтік маңызы бар іс-әрекеттер жасау дағдыларын дамытуға бағытталған «Жақсылық қақпақтары» атты экологиялық және қайырымдылық акциясы басталды.
Акция аясында оқушылар пластикалық қақпақтарды белсенді түрде жинап, экологияны қорғауға және қайырымдылық бастамаларды қолдауға өз үлестерін қосты.2026 жылы өзін-өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен, экология, волонтерлік және ақпарат фракциялары көшбасшыларының қатысуымен жиналған қақпақтар Әуезов ауданының комьюнити-орталығына тапсырылды.Барлық оқушыларға, педагогтерге және ата-аналарға белсенді қатысқандары және бейжай қарамағандары үшін алғыс айтамыз!
Бірге біз әлемді таза әрі мейірімді етеміз.