01.04.26 жылы мектебімізде “Құстарға үй сыйла” қалалық акциясы ұйымдастылыды.



01.04.26 жылы мектебімізде “Құстарға үй сыйла” қалалықакциясы ұйымдастылыды. Акцияға барлық сыныптар қатысты.
Мақсаты:Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Мектебімізде “Құстарға үй сыйла” атты экологиялық акция ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған іс-шараға оқушылар белсенді қатысып, өз қолдарымен құстарға арналған ұялар жасап, оларды мектеп ауласына және жақын маңдағы ағаштарға орналастырды.Акция барысында оқушыларға құстардың табиғаттағы маңызы, оларды қорғау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, құстарға ұя жасаудың тәсілдері мен қауіпсіздік ережелері таныстырылды.Оқушылар шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, әртүрлі үлгідегі ұялар дайындады. Бұл жұмыстар олардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиеледі.