Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өмірлік жағдайларға байланысты турнир» («Ұшқыр ой алаңы» жобасы)
24
апрель
2026

«Өмірлік жағдайларға байланысты турнир» («Ұшқыр ой алаңы» жобасы)




Мектебімізде 24.04. 2026 жылы  оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру және топпен жұмыс жасау мәдениетін жетілдіру мақсатында «Өмірлік жағдайларға байланысты турнир» («Ұшқыр ой алаңы» жобасы) ұйымдастырылып өткізілді.
  Аталған іс-шараға 7  А,Б сынып оқушылары қатысты. Турнир бірнеше кезеңнен тұрды және әр кезең оқушылардың өмірлік жағдаяттарды талдау, логикалық ойлау және өз пікірін дәлелдеу қабілеттерін тексеруге бағытталды.
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында өткізілген «Өмірлік жағдайларға байланысты турнир» оқушылардың сыни және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, өмірлік түрлі жағдаяттарда дұрыс әрі саналы шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік берді. Турнир барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдеп, пікір алмасу арқылы коммуникативтік дағдыларын жетілдірді.
Іс-шара оқушылардың жауапкершілік сезімін арттырып, топпен жұмыс жасау мәдениетін қалыптастырды, сондай-ақ адамгершілік және құқықтық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдауға баулыды. Қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары деңгейде болды, бұл өз кезегінде турнирдің тиімді әрі нәтижелі өткенін көрсетті.