16
апрель
2026
«Отбасымен бірге кітап оқу» жобасы
Мектебімізде «Отбасымен бірге кітап оқу» жобасы аясында 4”Б” сынып оқушысы Шыңғысұлы Фараби өз әжесімен бірге Абай Құнанбайұлының қара сөздерін оқып, талқылады.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, отбасы мүшелерімен бірге рухани құндылықтарды насихаттау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту болды.Оқушы мен әжесі Абайдың қара сөздеріндегі тәрбиелік мәні терең ойларды бірге оқып, олардың мағынасына тоқталды. Әжесі немересіне қара сөздердің мазмұнын түсіндіріп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Бұл оқушының ой-өрісін кеңейтіп, үлкенге деген құрметін арттыруға ықпал етті.Іс-шара барысында оқушы өз ойын еркін жеткізіп, алған әсерімен бөлісті. Отбасымен бірге кітап оқу арқылы рухани байланыс нығайып, білімге деген қызығушылық арта түсті.
https://www.instagram.com/reel/DXJyKA_CM9A/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DXJyKA_CM9A/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==