06
май
2026
Жалған ақпарат тарату - жауапкершіліктен босатпайды.


Жалған ақпарат тарату – қоғамға елеулі зиян келтіретін әрекет. Мұндай мәліметтер адамдарды шатастырып, қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан кез келген адам ақпаратты жарияламас бұрын оның шынайылығын тексеруге міндетті. Заң алдында жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған және ол жауапкершіліктен ешкім босатылмайды.Мектебімізде 7–11 сынып оқушыларына жалған ақпараттың зияны мен оның құқықтық жауапкершілігі туралы маңызды түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға ақпаратты таратпас бұрын оның шынайылығын тексерудің маңыздылығы, сенімді дереккөздерді пайдалану қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар, жалған ақпарат тарату заң алдында жауапкершілікке әкелетіні түсіндірілді. Шара барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, тақырып бойынша сұрақтарына жауап алды.