Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.
30
апрель
2026

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл мереке еліміздегі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің татулығы мен достығын дәріптейді. Аталған күні адамдар бір-біріне ізгі тілектерін арнап, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығын атап өтеді.
Мектебімізде осы мерекеге орай 7–11 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаттары өткізіліп, бірлік, ынтымақ және өзара құрмет тақырыптары кеңінен түсіндірілді. Оқушылар еліміздегі халықтар достығының құндылығын ұғынып, өз ойларын ортаға салды. Мұндай шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, ел бірлігін нығайтуға ықпал етеді
Мектебімізде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды достыққа, ынтымаққа, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ ел ішіндегі бірлік пен татулықты насихаттау.
Мерекелік бағдарлама барысында оқушылар әртүрлі ұлттардың мәдениетін таныстырып, ұлттық киімдер киіп, ән айтып, би биледі.