Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жазғы Drive" лагерьінің кітапханамен жұмыс жоспары.
01
июнь
2026

"Жазғы Drive" лагерьінің кітапханамен жұмыс жоспары.


Жазғы лагерь кезеңінде мектеп кітапханасы оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жоспар құрылды. Лагерьдің алғашқы күндерінде балалар кітапханамен танысып, кітап қоры мен пайдалану ережелері туралы ақпарат алды. Оқушылар үшін «Жазғы демалыста оқимыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қызықты әдебиеттер ұсынылды.

Мақсаты. Жазғы лагерь кезеңінде оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, танымдық белсенділігін дамыту және кітапхана қорын насихаттау.

Міндеттері

- Балаларды көркем әдебиет оқуға тарту;
- Кітапхана қызметімен және кітап қорымен таныстыру;
- Оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту;
- Әдеби шығармалар арқылы адамгершілік, патриоттық және эстетикалық тәрбие беру;
- Оқылған кітаптар бойынша өз ойын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру;
- Жазғы демалыс уақытын пайдалы әрі мазмұнды өткізуге жағдай жасау.