Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абайлаңыз, балалар!» республикалық акциясы
19
май
2026

«Абайлаңыз, балалар!» республикалық акциясы



19.05.26 ж. мектеп инспекторы А.С.Турганбек «Абайлаңыз, балалар!» республикалық акциясы аясында 1-сынып оқушыларымен жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша жедел түсіндірме жұмыстары жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға көшеде, жол бойында және жаяу жүргіншілер өткелінде өзін дұрыс ұстау ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар жол белгілерінің маңызы, бағдаршам сигналдарын сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары туралы ақпарат берілді.

Түсіндіру жұмыстары барысында балаларға қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі айтылып, түрлі мысалдар мен танымдық сұрақтар арқылы олардың білімдері бекітілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жазатайым оқиғалардың алдын алу және өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.