Біз туралы » Страница 13 » КГУ «Общеобразовательная школа №72» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
ЖАС ТҮЛЕК-2022
17
июнь
2022
ЖАС ТҮЛЕК-2022
2022 жылғы 17 маусымда Абай атындағы алаңда (Республика Сарайының алдында) «ЖАС ТҮЛЕК-2022» атты мектеп түлектерін «Алтын белгі» белгісімен салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараның құрметті қонақтары: Алматы қаласының әкімі Досаев Ерболат Асқарбекұлы, әкімнің орынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызы, Қазақстанның Еңбек Ері Миразова Аягүл Төреқызы,     Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің директорлар Кеңесінің төрайымы Исимбаева Гүлмира Истайбекқызы, еңбек ардагерлері,
Жас түлек —2022: Жаңа Қазақстанның ертеңі
17
июнь
2022
Жас түлек —2022: Жаңа Қазақстанның ертеңі
17 маусым күні мектеп алаңында "Жас түлек —2022: Жаңа Қазақстанның ертеңі" атты 11 сынып оқушыларына орта мектепті бітіру туралы аттестатты салтанатты түрде табыстау рәсімі болып өтті. Салтанатты кеш ҚР Мемлекеттік Әнұранымен басталып, мектеп директоры Гүлзира Молдабайқызының құттықтауымен жалғасты. Сонымен қатар мектебіміздің 57 түлегіне аттестат берілді. Салтанатты кеште мектеп ұстаздары мен ата-аналары қатысты. Ата-аналар мектеп ұстаздарына алғысын білдіріп, жас түлектерге сәттілік тіледі.
Ғасыр жыры
16
июнь
2022
Ғасыр жыры
Мектебіміздің түлегі, бүгінде Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің студенті Қазы Жүрсін Бақытжанұлы республикамыздағы таңдаулы 54 ақынның өлең жинақтары енген "Ғасыр жыры" атты энциклопедияға 📚өлеңдері жарыққа шықты. Талантты, ақын шәкіртіміздің қаламы мұқалмай, шабыты сарқылмай, биік белестерден көріне берсін демекпіз. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_
Оқуға құштар мектеп
15
июнь
2022
Оқуға құштар мектеп
13-14 маусым күндері ҚР Оқу - ағарту министрлігі Республикалық ғылыми - педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен Ақмола облысы Щучинск қаласындағы "Балдаурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығында "Оқуға құштар мектеп—заман талабы" тақырыбында республикалық семинар болып өтті. Семинар білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективті дамытудың және "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асырудың 2021-2025 жылдарға арналған іс-шараларын жоспарын орындау мақсатында ұйымдастырылған. Аталған
Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми-практикалық тұрғыдан іске асыру жолдары
15
июнь
2022
Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми-практикалық тұрғыдан іске
Алматы қаласы Білім басқармасының "Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы" және Педагогикалық ғылымдар Академиясының ұйымдастыруымен өткен "Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми-практикалық тұрғыдан іске асыру жолдары" тақырыбындағы қашықтан оқыту семинарына мектебіміздің 1—11 сыныптардың жетекшілері қатысты. Семинар барысында тұжырымдама мен 13 әдістемелік нұсқаулықты кеңінен таныстыру мақсатында баяндамалар оқылды. @edu.almaty @almaty_mektepteri  
Хореография, модерн жанры
14
июнь
2022
Хореография, модерн жанры
Халықаралық "Megapolis.kz" өнер байқауында "Хореография, модерн жанры" номинациясы бойынша мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Мамырбекова Амина жүлделі І орынды 🥇 иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Мұғалім жетістігі
13
июнь
2022
Мұғалім жетістігі
Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Төлегенов Абылай Көпбергенұлы PhD докторонтураның білім беру бағдарламасына сәйкес Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласындағы Анкара Хажы Байрам Вели университетінен мемлекеттік тағылымдамадан өтіп келді. Тағылымдама барысында шетелдік ғылыми кеңесшілерінің дәрістерін тыңдап, тәжірибе алмасып, біліктілігін арттырды. Сонымен қатар, аталған университеттің археология бөлімінің білім алушыларына «Қарахан кезеңіндегі ортағасырлық қалалардың керамикасы
2021-2022 оқу жылындағы мектебіміздегі 1-5 сыныптар бойынша жазғы мектептегі оқу үдерісін назарларыңызға ұсынамыз.
10
июнь
2022
2021-2022 оқу жылындағы мектебіміздегі 1-5 сыныптар бойынша жазғы
2021-2022 оқу жылындағы мектебіміздегі 1-5 сыныптар бойынша жазғы мектептегі оқу үдерісін назарларыңызға ұсынамыз. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Жасынан оқу оқып, өнер қуған
10
июнь
2022
Жасынан оқу оқып, өнер қуған
"Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталықтың ұйымдастыруымен өткізілген "Мағжан оқулары" шығармашылық байқауының аудандық кезеңінде "Жасынан оқу оқып, өнер қуған" номинациясы бойынша мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Писамбаева Аружанды шын жүректен құттықтаймыз. Байқауға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Дүсіпова Нұрлыгүл Әйіпқызына алғысымызды білдіреміз. @almatydaryny @edu.almaty
Балалар батутқа секіріп, ойындар ойнап, сергіп қайтты
09
июнь
2022
Балалар батутқа секіріп, ойындар ойнап, сергіп қайтты
9 маусым күні "Алма" жазғы сауықтыру алаңының тәлімгерлері мен тәрбиеленушілері "Atakent Mall" ойын-сауық сауда кешеніндегі "Gravity" батут орталығына барды. Балалар батутқа секіріп, ойындар ойнап, сергіп қайтты. #🍎 #жазғылагерь #72мектеп @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_
2022-2023 оқу жылында енгізілетін өзгерістер!
09
июнь
2022
2022-2023 оқу жылында енгізілетін өзгерістер!
2022-2023 оқу жылында енгізілетін өзгерістер! @bilim_jane_gylym @altynsarin_akademiasy @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Жазғы сауықтыру алаңы балалар үшін қызық өтуде
08
июнь
2022
Жазғы сауықтыру алаңы балалар үшін қызық өтуде
8 маусым күні "Алма" жазғы сауықтыру алаңының тәлімгерлері мен тәрбиеленушілері Family Park-ке саяхатқа барды. Саябақ ішінде танымдық және спорттық ойындар ойнап, көтеріңкі көңіл күймен қайтты. #🍎 #жазғылагерь #72мектеп @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Патриотизм және жаһандық құзыреттер
08
июнь
2022
Патриотизм және жаһандық құзыреттер
5-11 сыныптарда «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» курсы факультатив форматында оқытылады. Курс мынадай модульдерден тұрады: • «Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері» , • «Азаматтық», • «Парасаттылық пен әдеп», • «Экология мәдениеті», • «Сыни тұрғыдан ойлау», • «Зайырлылық және дінтану негіздері», • «Медиа сауаттылық». Сыныптар мен жас ерекшеліктеріне қарай балалар осы бағыттар бойынша оқытылады. Сілтеме: @bilim_jane_gylym @altynsarin_akademiasy @edu.almaty @almaty_mektepteri
Балмұздақ күні
07
июнь
2022
Балмұздақ күні
7 маусым күні "Алма" жазғы сауықтыру алаңында "Балмұздақ күні" аталынып, оқушыларға тегін балмұздақтар 🍦🍧🍨үлестірілді. Сонымен қатар танымдық сабақтар жүргізіліп, оқушылар суреттер 🎨салды. Спорттық ойындар ойнады⛹️‍♂️⛹️‍♀️⚽ #🍎 #жазғылагерь #72мектеп @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Обьектілік жаттығу кезінде Азаматтық қорғаныс құрылымдарының - басшылық құрамның, құрылымдардың, мектеп оқушылары мен қызметшілердің іс-әрекеті
06
июнь
2022
Обьектілік жаттығу кезінде Азаматтық қорғаныс құрылымдарының -
№72 жалпы білім беретін мектепте 06 маусым күні «Обьектілік жаттығу кезінде Азаматтық қорғаныс құрылымдарының - басшылық құрамның, құрылымдардың, мектеп оқушылары мен қызметшілердің іс-әрекеті» тақырыбында обьектілік жаттығу жүргізілді. Мақсаты: басшылық құрамның, құрылымдардың, мектеп оқушылары мен қызметшілердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардағы азаматтық қорғаныс іс-шараларын пысықтау. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда адамдарды қорғаудың амалдары