Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектебіміздің Таэквондо үйірмесінің жетекшісі Шакиров Руслан "Дода" бағдарламасында сұхбат берді
22
февраль
2022
Мектебіміздің Таэквондо үйірмесінің жетекшісі Шакиров Руслан "Дода"
16 ақпан күні "Шалқар" радиосында Таэквондодан Алматы қаласының аға жаттықтырушысы, ҚР спорт шебері, Қара белбеуден 3-дан иегері, мектебіміздің Таэквондо үйірмесінің жетекшісі Шакиров Руслан "Дода" бағдарламасында сұхбат берді. Мектебіміздің ата-аналарына айтар жағымды жаңалығымыз 1-11 сынып оқушылары арасында мектебімізде Таэквондодан тегін үйірме болатынын естеріңізге саламыз. @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_  
Оқушымыздың жетістігі
14
февраль
2022
Оқушымыздың жетістігі
«ДАРЫН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ұйымдастырған мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жобалары байқауының қалалық кезеңінде мектебіміздің 10 "Б" сынып оқушысы Әлқожа Әлима "Этномәдениеттану" секциясы бойынша "Қазақ қоғамындағы әйелдердің әлеуметтік-саяси мәртебесі (ХVIII-ХІХ ғғ.)" тақырыбындағы жобасы жүлделі І орынды иеленіп, ғылыми-зерттеу жобаларының РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНЕ жолдама алды. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Төлегенов Абылай Көпбергенұлы мен 10 сынып оқушысы Әлқожа
Оқушы жетістігі
11
февраль
2022
Оқушы жетістігі
"Дарын лэнд" интеллектуалды орталығының ұйымдастыруымен өткен мектеп оқушыларына арналған Халықаралық "British Bulldog" конкурсына қатысып, жүлдегер атанған мектебіміздің 5-8 сынып оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз. Конкурсқа дайындаған жетекшілері, мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Закирова Сания Хабдулманатовна, Сатылганова Эльмира Кабылбековна, Казатаева Шолпан Ырымтаевна және Байтасова Айгерім Манапбаевнаға алғысымызды білдіреміз. #English #British_Bulldog  
Мен Елбасымен мақтанамын
27
ноябрь
2021
Мен Елбасымен мақтанамын
26 қараша күні Қазақстан Жазушылар кітапханасында Әуезов ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күніне" орай, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен жазу мәдениетін қалыптастыра отырып, үздіктерді анықтау мақсатында ұйымдастырған "Мен Елбасымен мақтанамын" аудандық эссе жазу байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Эссе жазу байқауына аудан мектептерінің оқушылары қатысып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде эссе жазған болатын. Аталған байқауда
Ұстазым-ұлағатым
10
ноябрь
2021
Ұстазым-ұлағатым
"Ұстазым-ұлағатым" атты Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауының "Вокал" номинациясы бойынша мектебіміздің 3 "Б" сынып оқушысы Марат Мерей Азаматқызы (сынып жетекшісі Мағурпбай Арайлым Ниязқызы) жүлделі І орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! @edu.almaty @almaty_mektepteri @auezovpoo_ @72_mektep @gulzira_moldabaykizi @arailym_nuridin_
Бәсекелестік заманындағы рухани модернизация
09
ноябрь
2021
Бәсекелестік заманындағы рухани модернизация
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен "Бәсекелестік заманындағы рухани модернизация” тақырыбында өткен Республикалық білім беру саласы қызметкерлері арасында өткен байқаудың "Үздік орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі" номинациясы бойынша мектебіміздің "педагог-сарапшы" біліктілік санатындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдуллаева Гульмира Жусипахметовна жүлделі І орынды иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! @edu.almaty @almaty_mektepteri
Көңілді тапқырлар ойыны
04
ноябрь
2021
Көңілді тапқырлар ойыны
3 қараша күні №6 Оқушылар сарайының базасында өткен "Ұстаз" Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Алматы қаласы аудандары арасында көңілді тапқырлар ойындары (КВН) болып өтті. Аталған сайысқа мектебіміздің ұстаздарынан құралған ZOOM (заманауи онлайн офлайн мұғалімдер)  командасы қатысып, Әуезов ауданың намысын қорғап, жүлделі ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жеңістерімен шын жүректен құттықтай келе,
Мәңгілік ел жастары
02
ноябрь
2021
Мәңгілік ел жастары
Қоғам қайраткері, тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай "Mäñgılık El jastary" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Алаш ардақтысы" атты Республикалық байқауға қатысып, жүлделі І орын алған мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Алмахан Дамирханды шын жүректен құттықтаймыз. Байқауға дайындаған жетекшісі, мектебіміздің "педагог-шебер" біліктілік санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дүсіпова Нұрлыгүл Әйіпқызына алғысымызды білдіреміз. @edu.almaty @almaty_mektepteri
Мұғалімдер жетістігі
13
октябрь
2021
Мұғалімдер жетістігі
"Білім әлемі" республикалық ғылыми-педагогикалық басылымына (№3 Орыс тілі мен әдебиеті) мектебіміздің орыс тілі пәнінің мұғалімдері Балмухамбетова Гульмира Кабулбековна мен Абдуллаева Гульмира Жусипахметовнаның мақалалары жарыққа шықты. Іс-тәжірибелерін республика көлемінде таратып жүрген ұстаздарымызға алғысымызды білдіреміз.
САРЫБАСТАУ
02
октябрь
2021
САРЫБАСТАУ
"Ұстаздар күні" мерекесі қарсаңында ұзақ жылдар бойы ағарту саласында еңбек етіп жүрген мектебіміздің ардагер ұстазы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, "Ы. Алтынсарин" төсбелгісінің иегері Кейкелов Талғат Бегімбетұлының "Сарыбастау" кітабының таныстырылымы болып өтті. Кітапта автордың өз қаламынан туындаған жауһар жырлары мен естелік жинақтары жарияланған.
Ұстаз жетістігі
09
август
2021
Ұстаз жетістігі
Daryn.online білім беру платформасы ұстаздарға арнап ұйымдастырған Республикалық пәндік олимпиадасында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Шынгысова Айнур Куребаевна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Педагогика және оқыту әдістемесі бағыты бойынша қатысқан әріптесіміздің жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! 🥉
Оқушы жетістігі
17
июль
2021
Оқушы жетістігі
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында Таэквонда (WT) спортынан 2004-2006 жылғы және 2007-2009 жылғы туылған оқушылар арасында өткен республикалық турнирінде мектебіміздің 8 "А" сынып оқушысы Айбекқызы Аяла және 7 "Б" сынып оқушысы Айбекқызы Ақханым жүлделі І орынды иеленді. Жеңістерімен шын жүректен құттықтай келе, турнирге дайындаған бапкері Шакиров Русланға алғысымызды білдіреміз.  P.S: айта кетейік, аталған турнирде Алматы қаласының командасы жалпы есепте 125 ұпаймен І
Оқушы жетістігі
08
июнь
2021
Оқушы жетістігі
"Bılım örkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген "ТМД-ның үздік дарынды оқушысы-2021" атты халықаралық байқауына қатысып жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломмен мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Бекжан Айым марапатталды. Сонымен қатар аталған орталықтың арнайы төсбелгісімен және "ТМД-ның үздік дарынды оқушысы-2021" кітап жинағына мақаласы шықты. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Математика пәні бойынша өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері
02
июнь
2021
Математика пәні бойынша өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың
"Педагогика жанашыры" республикалық педагогикалық, ғылыми журналына мектебіміздің "педагог-модератор" біліктілік санатындағы математика пәнінің мұғалімі Қарабаева Дина Бақтыбайқызының "Математика пәні бойынша өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері" тақырыбындағы мақаласы жарыққа шықты. Аталған мақала жалпы білім беретін мектептерде математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру форматы туралы айтылған.
Еліміздің үздік педагогтар эстафетасы
24
май
2021
Еліміздің үздік педагогтар эстафетасы
"Өрлеу" біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы" АҚ ұйымдастыруымен өткен "Еліміздің үздік педагогтар эстафетасына" қатысып, қашықтан оқыту жағдайында өздерінің педагогикалық іс-тәжірибелерімен бөліскен мектебіміздің "педагог-зерттеуші" біліктілік санатындағы информатика пәнінің мұғалімі Сағындық Айжан Оралбекқызы мен "педагог-модератор" біліктілік санатындағы тарих пәнінің мұғалімі Төлегенов Абылай Көпбергенұлын шын жүректен құттықтаймыз!