«Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары»
25 мамыр күні 1–11 сыныптарда «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты – оқушыларға Конституциялық құндылықтарды дәріптеу, заң мен тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тақырып аясында пікір алмасу ұйымдастырылды.