9 мамыр – Жеңіс күні
9 мамыр – Жеңіс күніне орай мектебімізде мазмұнды әрі әсерлі мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл игі шараны 8"А" және 3"А" сынып оқушылары бірлесе дайындап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Концерт барысында оқушылар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен батырлықты дәріптеп, жүрекке жетер патриоттық әндер орындады, мәнерлеп өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, сахналық көріністер арқылы сол бір сұрапыл жылдардың ауыртпалығы мен халықтың қайсар рухы шынайы бейнеленді.3 сыныптың кішкентай