“Табиғатты таны, есепті игер, болашақты болжа!” атты
Ақпан айының 09-20 күндері аралағында мектебімізде “Табиғатты таны, есепті игер, болашақты болжа!” атты жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігінің онкүндігі басталды. Мақсаты: оқушылардың жаратылыстану- математика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, табиғат құбылыстарын ғылыми түрғыдан түсіндіруге, логикалық ойлау мен есептеу дағдыларын жетілдіруге ықпал ету, сондай-ақ болашақты бағдарлай алатын, ғылым мен білімге құштар ұрпақ тәрбиелеу.