Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Алтын тұғыр” математикалық олимпиадасы
29
ноябрь
2025
“Алтын тұғыр” математикалық олимпиадасы
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық “Алтын тұғыр” математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде жеңімпаз атанған мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдерін шын жүректен құттықтаймыз! 👏💐 📌 Мақсат Санагүл - ІІ 🥈дәрежелі диплом; @maksat_sana 📌 Құрман Сымбат Медетқызы - ІІ 🥈дәрежелі диплом; @_symbatqurman_01 📌 Калыбекова Гулбану Болатбековна - ІІІ🥉 дәрежелі диплом; @kgb7.77 📌 Керімбаева Жұлдыз Нұржігітқызы - ГРАМОТА📃
“Өз жұлдызыңды жақ” қалалық байқауы
26
ноябрь
2025
“Өз жұлдызыңды жақ” қалалық байқауы
Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен жас мамандар арасында “Өз жұлдызыңды жақ” қалалық байқауында мектебіміздің логопеді Қабылбаева Диана Серікқызы І 🥇 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
“Ұлы саяхатшы ізімен” қалалық олимпиадасы
24
ноябрь
2025
“Ұлы саяхатшы ізімен” қалалық олимпиадасы
Ш.Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай география пәні мұғалімдері арасында ұйымдастырылған “Ұлы саяхатшы ізімен” қалалық олимпиадасының аудандық кезеңінде мектебіміздің география пәнінің мұғалімі Сыдық Шолпан Бескемпірқызы жүлделі ІІІ 🥉орынды иеленді. Құттықтаймыз! 
№2 ата-аналар жиналысы. 8 “Б” сыныбы
19
ноябрь
2025
№2 ата-аналар жиналысы. 8 “Б” сыныбы
№2 ата-аналар жиналысы. 8 “Б” сыныбы ​https://www.instagram.com/reel/DROlF7JjGO5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
«Гайд от профи» жобасы
17
ноябрь
2025
«Гайд от профи» жобасы
«Гайд от профи» жобасы өз жұмысын жалғастырып, тәжірибелі мамандардың кәсіби материалдарымен толығуда. Бүгін біз сіздерді Әуезов ауданы №72 жалпы білім беретін мектебінің логопеді — Қабылбаева Диана Серікқызымен таныстырамыз. 📌 Тақырыбы: Тыныс алу жаттығулары және ұсақ моториканы Су-Джок доптары арқылы дамыту Бұл әдістер оқушылардың сөйлеу аппаратын түзетуге, тыныс алуын реттеуге және ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған. Логопедиялық жұмыста тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін осындай заманауи
“Бала табысы - ата-ана мен мұғалімнің жемісі” атты ата-аналар жиналысы
15
ноябрь
2025
“Бала табысы - ата-ана мен мұғалімнің жемісі” атты ата-аналар жиналысы
“Бала табысы - ата-ана мен мұғалімнің жемісі” 📌 *Ата-анамен серіктестік – табысты білімнің кепілі!* Бүгінгі тренинг – ата-ана мен мұғалімнің бала тәрбиесі мен дамуына деген ортақ жауапкершілігін ұғынуға бағытталды. ✂️ Қызықты тапсырмалар, топтық жұмыстар, шығармашылық сәттер – бәрі ата-аналардың белсенділігін арттырып, бір-бірімен тығыз байланыс орнатуға себеп болды. 🎯 Мақсат – бала үшін ең маңызды үштік одақтың (ата-ана, мұғалім, оқушы) өзара үйлесімді әрекеттесуін қалыптастыру. 1 “ А” сыныбы
№2 ата-аналар жиналысы. 11 “А”, “Б” сыныптары
14
ноябрь
2025
№2 ата-аналар жиналысы. 11 “А”, “Б” сыныптары
№2 ата-аналар жиналысы. 11 “А”, “Б” сыныптары ​https://www.instagram.com/reel/DROklvujOlz/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
“Бала табысы - ата-ана мен мұғалімнің жемісі” атты ата-ана жиналысы
14
ноябрь
2025
“Бала табысы - ата-ана мен мұғалімнің жемісі” атты ата-ана жиналысы
“Бала табысы - ата-ана мен мұғалімнің жемісі” 📌 *Ата-анамен серіктестік – табысты білімнің кепілі!* Бүгінгі тренинг – ата-ана мен мұғалімнің бала тәрбиесі мен дамуына деген ортақ жауапкершілігін ұғынуға бағытталды. ✂️ Қызықты тапсырмалар, топтық жұмыстар, шығармашылық сәттер – бәрі ата-аналардың белсенділігін арттырып, бір-бірімен тығыз байланыс орнатуға себеп болды. 🎯 Мақсат – бала үшін ең маңызды үштік одақтың (ата-ана, мұғалім, оқушы) өзара үйлесімді әрекеттесуін қалыптастыру. 1 “ Б” сыныбы
Онлайн формат
11
ноябрь
2025
Онлайн формат
11 қараша күні Мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған онлайн кездесу болып өтті. Кездесу барысында бастауыш білім беру бағдарламасы жан-жақты талқыланды. Онлайн форматта өткен жиынға бастауыш сынып мұғалімдері Жумабаева Г.П, Нусупова А.А, Калыбекова Г.Б, Алтыхай Ж, Балтабаева Ф.А қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.
“Тең мүмкіндік- табысты болашақ” атты инклюзивті білім беру онкүндігі
10
ноябрь
2025
“Тең мүмкіндік- табысты болашақ” атты инклюзивті білім беру онкүндігі
Қараша айының 10-21 күндері аралығында мектебімізде “Тең мүмкіндік- табысты болашақ” атты инклюзивті білім беру онкүндігі басталды. ​https://www.instagram.com/reel/DQ3IWG_iA-O/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Әуезов ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді!
06
ноябрь
2025
Әуезов ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді!
Әуезов ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді! Күннің суытуына байланысты өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударыңыздар. Пешті және электр жылытқыштарды қолданғанда сақ болыңыздар, ақаулы құрылғыларды пайдаланбаңыздар. Балаларды от пен электр құралдарының қасына жібермеңіздер. Сонымен қатар, мұздың қалыңдығына қарамастан, су айдындарына шығуға қатаң тыйым салынады! Мұз үстімен жүру – өмірге қауіпті. Қауіпсіздік ережелерін сақтап, өз өмірлеріңіз бен жақындарыңыздың амандығын қорғаңыздар!
«Оқу процесіндегі ЖИ құралдары: қолдану тәжірибесі» тақырыбында әдістемелік семинар
05
ноябрь
2025
«Оқу процесіндегі ЖИ құралдары: қолдану тәжірибесі» тақырыбында
28 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байділдаева Мейрамкул Әбдімәлікқызы және математика пәнінің мұғалімі Құрманалиева Айгерім Апжаппарқызының ұйымдастыруымен «Оқу процесіндегі ЖИ құралдары: қолдану тәжірибесі» тақырыбында әдістемелік семинар болып өтті.
Мектеп оқулықтарының сақталуын тексеру мақсатында рейд
05
ноябрь
2025
Мектеп оқулықтарының сақталуын тексеру мақсатында рейд
2025  жылдың I тоқсанда  (қазан) мектепте оқулықтардың сақталуын тексеру мақсатында кезекті рейд өткізілді. Тексеруді кітапханашы Нуркешова Ф.М. және сынып жетекшілер жүргізді. Сабақта кесте бойынша оқулықтардың болуы, мұқабалары, сонымен қатар оқулықтардың сыртқы түрі тексерілді. Рейд барысында көптеген оқушыларда оқулықтарда бетбелгілер, мұқабалар жоқ, көптеген оқулықтар жеңіл жөндеуді (желім, өшіргішпен белгілерді өшіру, т.б.) қажет ететінін көрсетті. Көптеген мектеп оқушылары (әсіресе
«Әр түрлі, бірақ тең: инклюзивті білім берудің құндылықтары» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес
29
октябрь
2025
«Әр түрлі, бірақ тең: инклюзивті білім берудің құндылықтары»
29 қазан күні мәжіліс залында «Әр түрлі, бірақ тең: инклюзивті білім берудің құндылықтары» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес болып өтті. Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды: 1. Өткен педагогикалық кеңес қаулысының орындалуы туралы (мектеп директоры Журынова Г.А.) 2. I тоқсан оқу үлгерімі мен білім сапасының көрсеткіші, салыстырмалы анализ (ДОІЖО Досанбаева К.Н.) 3. Мектепалды даярлық тобы және 1-сынып оқушыларының бейімделуін бақылау (педагог-психолог Жолдасова Ж.М.) 4.
№3 директор жанындағы кеңес
28
октябрь
2025
№3 директор жанындағы кеңес
28 қазан күні мәжіліс залында №3 директор жанындағы кеңес болып өтті. Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды. 1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің берілу деңгейі және білімнің олқылықтарын толтыру, төмен көрсеткіштермен жұмыс істеу бойынша жұмыстарды бақылау. (3-сыныптар, 6-сыныптар). (Муханова А.С.,Шынарбекова А.Н.) 2. ⁠Физика (9-сыныптар), география (9-сыныптар) пәндерінің берілу деңгейін және білімнің олқылықтарын толтыру, төмен көрсеткіштермен жұмыс істеу бойынша жұмыстарды бақылау.