Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кітап көрмесі «25 қазан - Республика күні»
23
октябрь
2025
Кітап көрмесі «25 қазан - Республика күні»
Кітап көрмесі «25 қазан - Республика күні» 25 қазан Республика күні орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұлттық мереке 25 қазан Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру, жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту көзделді.
Мектеп тарихы
16
октябрь
2025
Мектеп тарихы
 Мектептің даму кезеңдеріндегі қысқаша тарихы:    №72жалпы білім беретін мектеп 1960 жылы пайдалануға берілген.  Қалалық Халық депутаттары Советі Атқару комитетінің шешімімен 1991 жылы №72 орыс тілді орта мектептен №72 аралас орта мектеп болып өзгерді, 2006 жылы аралас орта мектептен қазақ мектебіне ауысты. 2009 жылы орта мектептен жалпы білім беретін мектепке өзгерді. 2011 жылдың 24 -сәуірінде №72 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгерді.  2011 жылы Алматы
Педагогикалық- психологиялық қолдау қызметінің отырысы
16
октябрь
2025
Педагогикалық- психологиялық қолдау қызметінің отырысы
19 қыркүйек күні Педагогикалық- психологиялық қолдау қызметінің отырысы өтті. Отырыста мектебіміздің инклюзивті білім алушыларының білім сапасы талқыланып, олардың жеке бағдарламалары бекітілді . Арнайы педагог пен логопед, психологтың жеке сабақтарының сабақ кестесі қаралды.
“Мектепте білім берудің әлемдік трендтері” тақырыбында коучинг болып өтті.
10
октябрь
2025
“Мектепте білім берудің әлемдік трендтері” тақырыбында коучинг болып
10 қазан күні Озат тәжірибе мектебі мұғалімдерінің онкүндігі аясында мәжіліс залында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Иманова Гулжан Мухаметказиновна және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Казатаева Шолпан Ырымтаевнаның ұйымдастыруымен “Мектепте білім берудің әлемдік трендтері” тақырыбында коучинг болып өтті. Аталған коучингке мектеп мұғалімдері белсене қатысып, сындарлы кері байланыстар берді.
“Білікті ұстаз” педагогтердің республикалық олимпиадасы
09
октябрь
2025
“Білікті ұстаз” педагогтердің республикалық олимпиадасы
“Білім” педагогикалық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен “Білікті ұстаз” педагогтердің республикалық олимпиадасына “Бастауыш сынып пәндері” бағыты бойынша мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Балтабаева Фариза Арсланқызы жүлделі І🥇орынды иеленді. Құттықтаймыз! 👏💐.
“KUNDELIK” ЖШС-нің АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапаты
08
октябрь
2025
“KUNDELIK” ЖШС-нің АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапаты
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Досанбаева Кундыз Нурланбековна және информатика пәнінің мұғалімі Бейбітқызы Еңлік Білім беру ісіне белсенді қатысқаны, цифрлық мәденитетті дамытуға қосқан зор жеке үлесі және әріптестеріне kundelik.kz жүйесін пайдалануға көрсеткен көмегі үшін “KUNDELIK” ЖШС-нің АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды. Құттықтаймыз👏💐
“Еңбек жолы-2025” байқауы
24
сентябрь
2025
“Еңбек жолы-2025” байқауы
Мектебіміздің логопед маманы Қабылбаева Диана Серікқызы Еңбек күні мерекесіне орай өткен Республикалық “Еңбек жолы-2025” байқауының өңірлік кезеңіне қатысып, Алматы қаласы әкімдігінің АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды. Аталған марапатты қала әкімінің орынбасары А.Қалдыбеков салтанатты түрде табыстады. Жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! 
ЕБҚ балалармен жүргізілетін жұмыстар
13
сентябрь
2025
ЕБҚ балалармен жүргізілетін жұмыстар
09 қыркүйек күні мектібіміздің мәжіліс залында ЕБҚ балалармен жүргізілетін жұмыстарды түсіндіру мақсатында ППҚҚ мамандары мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетті.
Журынова Гаухар Абаевна
11
сентябрь
2025
Журынова Гаухар Абаевна
Журынова Гаухар Абаевна Жалпы ақпарат, білім Туған күні:  1983 жыл 4 қараша Туған жері-  Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қызылшекара ауылы Ұлты-қазақ Білімі – жоғары Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы: 2004 – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Мамандығы бойынша біліктілігі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Еңбек жолы: 2005-2013 –  №168 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Алматы қаласы. 2013-2017 - №168 жалпы білім беретін мектептің директортордың
27 тамыз күні мектебімізде пәндер әдістемелік бірлестіктерінің отырысы
10
сентябрь
2025
27 тамыз күні мектебімізде пәндер әдістемелік бірлестіктерінің отырысы
27 тамыз күні мектебімізде пәндер әдістемелік бірлестіктерінің отырысы болып өтті. Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды: 1. 2024-2025 оқу жылында атқарылған жұмыстарды талдау. (Жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асырылуы, курс оқу, аттестациядан өту, авторлық бағдарлама, мұғалімдердің, оқушылардың жетістіктері). 2. Әдістемелік бірлестіктің 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстыру, талдау, бекітуге ұсыну. 3. «2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін
«Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы
09
сентябрь
2025
«Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында сынып сағаттарында “20 минут кітап оқы” акциясы ұйымдастырылды. Акцияға 4 “А” сынып оқушылары қатысты. Кітап оқуға сүйіспеншілікпен қарап, алдағы уақыттарда да оқып жүруге ынталары қалыптасты. Көркем әдебиеттерге деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқырмандарды машықтандыру, тәрбиелеу, кітаптарға қызықтыра білуге үйрету, ұлттық тәрбиеге баулу. Сынып жетекшісі: Алтыхай Жайнагүл
5 қыркүйек – халқымыздың тағдыры мен тілі үшін күрескен, қазақ әліпбиінің негізін салған, ұлт ұстазы,
05
сентябрь
2025
5 қыркүйек – халқымыздың тағдыры мен тілі үшін күрескен, қазақ
5 қыркүйек – халқымыздың тағдыры мен тілі үшін күрескен, қазақ әліпбиінің негізін салған, ұлт ұстазы, Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырып, Қазақстан халқы тілдері күні болып аталып келеді. Шын мәнінде тілдер мерекесі – Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің ана тіліне құрмет көрсететін ортақ мейрам. Тілдер мерекесі қарсаңында мектеп кітапханасында «Тіл туралы толғамдар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  
АЛҒЫС ХАТ
05
сентябрь
2025
АЛҒЫС ХАТ
Мемлекет басшысы еңбекқорлық пен кәсіби шеберлікті жоғары бағалау мақсатында жұмысшы мамандардың еңбегін насихаттау мен қолдауды басты міндеттердің бірі ретінде қоя отырып, биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» дел жариялады. Осы орайда мектебіміздің жұмысшы-электригі Орымбаев Қайрат Жакыпұлы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды. Марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!