Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
май
2026

9 мамыр – Жеңіс күні


9 мамыр – Жеңіс күніне орай мектебімізде мазмұнды әрі әсерлі мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл игі шараны 8"А" және 3"А" сынып оқушылары бірлесе дайындап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Концерт барысында оқушылар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен батырлықты дәріптеп, жүрекке жетер патриоттық әндер орындады, мәнерлеп өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, сахналық көріністер арқылы сол бір сұрапыл жылдардың ауыртпалығы мен халықтың қайсар рухы шынайы бейнеленді.3 сыныптың кішкентай бүлдіршіндері мен 8 сынып оқушыларының үйлесімді өнер көрсетуі көпшілікті тәнті етіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Концерт барысында соғыс ардагерлеріне деген құрмет ерекше сезіліп, олардың ерлігі ұмытылмайтыны тағы бір мәрте айқындалды.
Мерекелік кештің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух қалыптастыру, тарихқа деген құрметті арттыру және бейбіт өмірдің қадірін түсіндіру болды.