23
апрель
2026
23 сәуір - "Ұлттық кітапханашылар" күні.



Кітап – адамзаттың рухани қазынасы, білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Ұлттық кітап күні – кітаптың құндылығын дәріптеп, оқырман мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ерекше күн.Бұл күні біз кітаптың адам өміріндегі маңызын тағы бір мәрте еске аламыз. Кітап – ой-өрісті кеңейтетін, дүниетанымды қалыптастыратын, адамды жақсылыққа жетелейтін сенімді дос. Әсіресе, жас ұрпақ үшін кітап оқу – білімге апарар алтын көпір.Мектебімізде Ұлттық кітап күніне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылар кітап көрмелерімен танысты, сүйікті шығармаларымен бөлісіп, әдеби кештер мен байқауларға белсене қатысты. Бұл шаралар оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқуға деген сүйіспеншілігін нығайтты.