Алматы қаласы Білім басқармасының
«№72 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-32-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-31-56
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай «Саптық жүріс» байқауы
05
май
2026

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай «Саптық жүріс» байқауы





2026 жылдың 4 мамыр күні №72 жалпы білім беретін орта мектебінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай «Саптық жүріс» байқауы өткізілді.  Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін қалыптастыру, саптық дайындық дағдыларын жетілдіру, ұйымшылдыққа, тәртіптілікке және Отанға деген сүйіспеншілікке баулу. Байқауға 5–10 сынып оқушылары қатысты. Жалпы саны 10 команда өзара бақ сынасты. Әр команда саптық жүріс элементтерін орындап, командирлердің бұйрық беру шеберлігі, қатардағы оқушылардың біркелкі қимылы, сыртқы келбеті мен тәртіп мәдениеті бойынша бағаланды.
Іс-шараға Алматы қаласының ардагерлер ұйымының өкілдері: Алиев Талғат Яшұшлы, Супиев Асимжан Незамовия, Жакешов Сабырхан Тилеуханович арнайы қонақ ретінде қатысып, оқушыларға өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, Отанға қызмет етудің маңыздылығы туралы тағылымды әңгіме жүргізді.